Научная стажировка магистрантов 2 курса кафедры истории Казахстана.

08.11.2019

Просмотров: 1545

Қазақстан тарихы кафедрасының 2 курс магистранттары Бекқажиев Абылай мен Ораз Бақтияр, ғылыми жетекші –Удербаева С. К, қараша айының 8 -18 жұлдызы аралығында Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы келісім-шарт аясында болды. ОМПУ таңдауда шетелдік тағылымдама мен біліктілікті арттыруда Ресей тарихы кафедрасы ұжымының жоғары ғылыми шеберліктеріне назар аудардық. Бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ны магистранттарының ОМПУ-де өтіп отырған алғашқы тағылымдамасы емес. Осыдан 2 жыл бұрын Удербаева С. К жетекшілігімен магистрант А. Абаган да стажировка өткен болатын.

Тағылымдаманың басты тақырыбы магистранттардың диссертациялық жұмысы тақырыбымен байланысты болды. Сонымен қатар магистранттар Н. К. Крупская атындағы кітапханада жана ғылыми әдебиеттерді зерттеп, архивтегі құжаттармен жұмыс жасады.