«Қазіргі қоғамдағы тіл мәселесі» атты дебат өткізу

Қыркүйек айының 21 жұлдызында тілдер мерекесіне орай «Тілім менің тірегім» атты сайысы өтті.Сайыс ұйымдастырушылары геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттері.Сайыс мақсаты қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.Сайысқа геодезия және картография мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты.Олар екі топка бөлініп,бірі қазақ тілінің қазіргі жағдайы жақсы десе,бірі қазіргі таңда деңгейі нашар деп сөз қозғаған.Сайыс соңында кафедра ұстаздарына сөз кезегі беріліп,қазық тілі жайлы ұстаздарымызда өз ойларымен бөлісті.

Дата публикации:  18.10.2016