"Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

04.12.2013

Просмотров: 4668

Аталмыш клуб аясында өтетін дәстүрлі жыл сайынғы мереке биыл университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Мереке жарыс түрінде орын алды. Бұл жылғы мерекенің тағы бір ерекшелігі Биология және Биотехнология студенттерін де қамтыды. Дүбірлі додада 4 топ сайысты: 1. Голланд тобы, 2. Биолингва тобы, 3. Фламенко тобы, 4. Итальян тобы. Бас жүлдені екі факультеттен құралған 1 курс ББ және 2 курс ҚФ мамандықтарынан құралған студенттердің тобы - Биолингва тобы жеңіп алса, 2-орынды Голланд, Фламенко топтары, ал 3-орынды Итальян тобы қанжығасына байлады.

Қазылар алқасы құрамында кафедрамыздық құрметті оқытушысы, фил.ғыл. докторы, профессор Сүлейменова Э.Д., деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есімова Ж.Д., факультеттің аға куратор-эдвайзері Бектурова Э. және т.б. болды.