Клуб "Юные лингвисты"

Презентация клуба «Юные лингвисты»


К 20-летию Независимости Республики Казахстан в Казахском национальном университете имени аль-Фараби были проведены различные мероприятия внутриуниверситетского масшатаба. Одним из таких обширных мероприятий явилась неделя «Фестиваля языков», организованная департаментом по воспитательной работе.

В рамках этой недели 21 сентября на факультете филологии литературоведения и мировых языков прошла презентация клуба «Юных лингвистов», открытого на кафедре иностранной филологии и общего языкознания.


Декан факультета, доктор филологических наук, профессор Кансеит Абдезулы и гость университета, приехавший по приглашению кафедры иностранной филологии и общего языкознания – профессор Российского гуманитарного университета Григорий Ефимович Крейдлин торжественно разрезали ленту в честь открытия клуба.


Профессор кафедры иностранной филологии и общего языкознания, известный ученый-лингвист Элеонора Дюсеновна Сулейменова рассказала студентам о невероятно интересном и захватывающем мире лингвистики.

Заведующая кафедрой – Мадиева Гульмира Баянжановна рассказала об истории клуба и ознакомила с планами на будущее.


Руководители клуба – доктор филологических наук, доцент Ибраева Жанар Кулматовна и кандидат филологических наук, доцент Мамбетова Маншук Кудайбергеновна – приняли студентов 1-го курса в ряды членов клуба «Юные лингвисты» и вручили им соответствующие грамоты. Вечер завершился торжественными словами поздравления, которые сопровождались исполнением красивых песен.

Лингвистика – наука, которая не имеет границ. В настоящее время круг наук о языке изо дня в день становится все шире. В связи с этим в апреле месяце 2011 года был основан клуб «Юные лингвисты», целью которого явилось стремление к тому, чтобы преподаватели кафедры иностранной филологии и общего языкознания и студенты факультета филологии, литературоведения и мировых языков всегда были в курсе различных инновационных процессов в сфере лингвистики, узнавали о новых направлениях, идеях и информационных концепциях, возникающих в науке о языке, а также для того, чтобы молодые ученые и люди только вступившие на сложный, но интересный путь науки имели возможность встречать и обмениваться своими идеями и мыслями.

Членом клуба может стать любой студент или магистрант, проявляющий интерес к лингвистической науке и обучающийся на факультете филологии, литературоведения и мировых языков по специальностям «Лингвистика», «Казахский язык и литература», «Русский язык и литература», «Казахская филология», «Русская филология», «Иностранная филология», «Два иностранных языка», «Переводческое дело».


Целью клуба «Юные лингвисты» является пробуждение у студентов интереса к науке о языке, формирование глубоких и разносторонних знаний в области лингвистики, внесение определенного вклада в подготовку квалифицированных специалистов по языкознанию.

Согласно программе клуба, студенты могут не только работать в научном направлении, но и участвовать в организации разных мероприятий. Члены клуба участвуют в различных республиканских и зарубежных международных научно-практических конференциях и семинарах. Клуб установил тесные связи с департаментом по воспитательной работе Казахского национального университета имени аль-Фараби, Комитетом по языкам МОН РК, Казахской ассоциацией «КазПРЯЛ» и Международной ассоциацией «МАПРЯЛ».


Клуб «Юные лингвисты» предоставляет возможность студентам войти в мир языкознания. Мы точно уверены, что клуб «Юные лингвисты» станет прямой дорогой, направляющей в науку!

 

«Жас лингвистер» клубының

Жарғысы

  1.  Жалпы ережелер

1.1. «Жас лингвистер» клубы (бұдан әрі – клуб) коммерциялық емес ұйым болып саналады және өзінің қызметін "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жарғысына, осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Клуб Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін үрдістер негізінде, ерікті түрде құрылған.

  1.  Заңды мәртебесі

2.1. Клуб атауы

Мемлекеттік тілде толық атауы – «Жас лингвистер» клубы.

2.2. Клубтың мекенжайы: 050038, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология факультеті, 317, 305 а каб.

2.3. Клуб мүшелері берген мүлік Клубтың жеке меншігі болып табылады. Клуб меншігіне берген мүліктеріне Клуб мүшелері құқықтарын сақтамайды. Клуб мүшелері Клуб міндеттері бойынша, ал Клуб мүшелерінің міндеттері бойынша Клуб жауап бермейді.

2.4. Клубтың толық құқықтық қабілеті болғандықтан Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзінің жарғылық қызметінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкес кез келген шешім қабылдауына және кез келген іс-әрекет жасауына, заңнамалар құқық беретін барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға құқылы.

  1.  Клуб қызметінің түрлері мен мақсаттары

3.1. Клуб қызметінің негізгі мақсаттары:

- студенттердің лингвистика ғылымына деген қызығушылықтарын ояту;

- аталмыш ғылым саласы бойынша терең әрі жан-жақты білімін қалыптастыру;

- жас лингвистерден болашақ лингвист мамандар дайындауға өз үлесін қосу;

- факультеттің, жалпы тіл білімі кафедарсының лингвистикалық орталық ретінде дамуына өз үлесін қосу;

- университеттің, кафедраның білім беру сапасын арттыру;

- студенттерге білім құндылықтарын таныта отырып, жастардың жалпы адамгершілік, зиялылық, төзімділік рухын нығайту;

- студенттердің топпен жұмыс істеу, ынтымақтастық, байланыс орнату білу қабілеттерін шыңдау.

3.2. Клубтың міндеттері

- студенттердің лингвистикалық терең білімін шыңдау;

- лингвистиканың ұғымдық-терминологиялық негізімен, лингвистикалық әдістермен т.б. жан-жақты таныстыра отырып, алынған білімді жүзеге асыра білуге үйрету;

- өз ойын ашық, айқын, толық жеткізе білуге баулу;

  • · Сұрақ қоя білуге және сұраққа дұрыс жауап бере білу мәдениетіне үйрету;
  • · Студенттердің ғылыми сөйлеу стилін қалыптастыру;
  • · Мәдени қарым-қатынасқа түсуге, мәденитте пікірталастыра білуге үйрету;
  • · Студенттің бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру және т.б.
  1.  Клуб мүлкі

4.1. Клуб мүлкі демеушілік, қайырымдылық төлемдерден, осы жарғының қағидаларын іске асыру нәтижесінде түскен қаржылық түсімдерден, Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтін қызметтерден түскен кірістерден құралады.

  1.  Клуб жұмысының ұйымдастырылуы және бақылау

5.1. Клуб жұмысын кафедрада бекітілген оқытушылар ұйымдастырады.

5.2. Клуб жұмысы туралы айлық есеп беріліп отырады.

5.3. Клуб жұмысын кафедра меңгерушісі бақылап отырады.

  1.  Жалпы жиналыс

6.1. Басқа жиналыстарға тәуелсіз, Клуб мүшелері айына бір рет жиналады. Кезектен тыс жиналысты клуб жұмысын ұйымдастырушылар белгілейді.

6.2. Кезектен тыс жиналыс шақыру туралы хабарлама өтетін күні, сағаты, орны мен қарастырылатын мәселелер тізімі көрсетіліп жазбаша және электронды түрде, 5 күн бұрын клуб мүшелеріне хабарланады.

7. Клубқа мүшелік

7.1. Клубқа филология факультетінің «лингвистика», «қазақ тілі мен әдебиеті», «қазақ филологиясы, «орыс тілі мен әдебиеті», «орыс филологиясы», «шетел филологиясы», «екі шет тілі», «аударма ісі» мамандықтары бойынша оқитын, лингвистика ғылымына қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар мүше бола алады.

8. Клубтың міндеттері мен құқықтары

8.1. Клубтың құқығы:

- өз қызметі туралы ақпарат тарату;

- өз мүшелерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және уәкілеттік ету;

- осы Жарғыға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін бұқаралық ақпарат құралдарын шығару, сондай-ақ өзге де қызметті жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

8.2. Клубтың міндеті:

- Қазақстан Республикасының заңнамаларын, әл-Фараби ат. ҚазҰУ Ережесін сақтау;

- клуб мүшелерінің жиналатын орнын, керекті құрал-жабдықтарын дайындау

9. Клуб мүшелерінің міндеттері мен құқықтары

9.1. Клуб мүшелерінің құқықтары:

- осы Жарғыға сәйкес Клуб жұмыстарына қатысу;

- Клуб мүшелігінен өз еркімен шығу;

- Клуб қызметі туралы ақпарат алу;

- қаражат түсуі мен шығыны туралы ақпарат алу;

- өз құқықтарын, міндеттерін және заңды мүдделерін қорғайтын шешімдер және құжаттармен танысу;

9.2. Клуб мүшелерінің міндеттері:

- Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, сондай-ақ Жарғыда қарастырылған нормаларды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ережесін орындау;

- Клубтың кезекті және кезектен тыс Жалпы жиналыстарына қатысу;

- Клубтың қызметін жүзеге асыруға көмек көрсету;

- Клуб қызметіне қатысты ақпаратты жарияламау және үшінші тұлғаға материалдар бермеу;

- Клуб шешімдерін орындау.

10. Дауларды шешу

10.1. Дауға қатысушылар Осы Жарғының іске асуына бағытталған дауларды ерікті реттеу үшін бар күшін салуға міндетті.

10.2. Жарғыға байланысты туындаған мәселелер бойынша келісімге келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамалар нормаларына сәйкес, Клуб мүшелерінің қай-қайсысы болса да Қазақстан Республикасының сотына жүгіне алады.

11. Есеп беру

11.1. Клуб жасалған іс-шаралары бойынша тәрбие жұмыстар жөніндегі декан орынбасарына жартыжылдық және жылдық есеп беріп отырады.

12. Құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

12.1. Осы Жарғы қағидалары Клуб мүшелерінің жалпы жиналысында ғана өзгертіледі, шешім жай көпшілік дауыс санымен қабылданады.

13. Қызметін өзгерту және тоқтату

13.1. Клуб қызметінің бағытын өзгерту ҚР қолданыстағы заңнамаларымен қарастырылған тәртіпте біріктіру, қосылу, бөліну, бөлу, қайтадан жасау арқылы жүзеге асырылады.

13.2. Клуб жұмысы Клуб мүшелерінің жалпы жиналысының, кафедра мәжілісінің шешімі бойынша тоқтатылады.

«Жас лингвистер» клубының бағдарламасы

 

«Жас лингвистер» клубы 2011 ж. жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы жанынан құрылған. Клубқа филология факультетінің «лингвистика», «қазақ тілі мен әдебиеті», «қазақ филологиясы, «орыс тілі мен әдебиеті», «орыс филологиясы», «шетел филологиясы», «екі шет тілі», «аударма ісі» мамандықтары бойынша оқитын, лингвистика ғылымына қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар мүше бола алады.

Клуб жиылыстары мен іс-шаралары айына 1 рет өтеді, клуб бағдарламасы 9 айға жоспарланған.

Клубтың мақсаты: студенттердің лингвистика ғылымына деген қызығушылықтарын оята отырып, аталмыш ғылым саласы бойынша терең әрі жан-жақты білімін қалыптастыру, жас лингвистерден болашақ лингвист мамандар дайындауға өз үлесін қосу.

Клуб бағдарламасы төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:

  • · Студенттердің лингвистикалық терең білімін шыңдау;
  • · Лингвистиканың ұғымдық-терминологиялық негізімен, лингвистикалық әдістермен т.б. жан-жақты таныстыра отырып, алынған білімді жүзеге асыра білуге үйрету;
  • · Өз ойын ашық, айқын, толық жеткізе білуге баулу;
  • · Сұрақ қоя білуге және сұраққа дұрыс жауап бере білу мәдениетіне үйрету;
  • · Студенттердің ғылыми сөйлеу стилін қалыптастыру;
  • · Мәдени қарым-қатынасқа түсуге, мәденитте пікірталастыра білуге үйрету;
  • · Студенттің бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру және т.б.

«Жас лингвистер» клубы студенттерге лингвистика ғылымы жайлы қосымша мағлұматтар алып, тіл білімі әлеміне енуге жақындата түсетін бірден бір мүмкіндік. Клубтың бағдарламасына сәйкес студенттер тек қана тіл білімі бойынша қосымша ғылыми мәліметтер алып қана қоймай, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруға қатыса алады.

Сондай-ақ клуб мүшелері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатады, бір-біріне сұрақ қойып, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыландыратын пікірталастарға қатыса алады. Лингвистика бойынша кейбір күрделі мәселелерді жеңіл меңгеруге көмектеседі. Әртүрлі тақырыптар аясы студенттердің шығармашылық әлеуетін және қабілет-дарындарын ашуға мүмкіндік береді, ізденімпаздыққа баулиды. Бағдарламада дөңгелек үстелдер, пікірталас, дебаттар, ойындар, топтық жұмыстар қарастырылған.

Клуб мүшелері республикамыздағы және шетелдердегі әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға белсене қатысады. Клуб ҚазҰУ-дың тілдерді дамыту бөлімімен, Алматы қаласы әкімдігінің Тіл комитетімен байланыс орнатқан.

«Жас лингвистер» клубының жылдық жоспары

 

«БЕКІТЕМІН»

Филология факультетінің деканы _______Әбдезұлы Қ.

«____»__________ 2011 ж.

 

 

 

Іс-шараның аталуы 

Мақсаты

Өтілетін мерзімі

Жауаптылар 

1

«Лингвистика әлемі»

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үштұғырлы тіл: бүгіні мен келешегі» атты пікірталас

 

«Жас лингвистер» клубының тұсаукесері

Клуб мүшелерін клубтың жылдық жоспарымен, жалпы бағдарламасымен таныстырып, лингвистика әлеміне саяхат жасау

 

 

Қыркүйек

Мәмбетова М.Қ

2

Тіл білімінің негізгі ұғымдарымен танысу

 

Қазан

Ибраева Ж.Қ.

3

Лингвистиканың ғылымының даму кезеңдерін сипаттау

 

Қараша

Мәмбетова М.Қ.

4

«Мемлекеттік тіл және тәуелсіздік»

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл және Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізу

Желтоқсан

Ибраева Ж.Қ.

5

«Қазақстандағы тілдік жағдаят, тіл саясаты, тілдік жоспарлау»

 

Ақпан

Ибраева Ж.Қ.

6

«Менің ғылыми тақырыбым» атты эссе

Қаңтар

Мәмбетова М.Қ.

7

«Лингвистика әдістерін қалай қолдану қажет?»

Наурыз

Ибраева Ж.Қ.

8

Билингвизм/Полилингвизм

Семилингвизм/Амбилингвизм

Монолингвизм ұғымдарын талқылау

Сәуір

Мәмбетова М.Қ.

9

«Жас лингвистер» клубының жылдық жұмыстарын қорытындылау

Мамыр

Ибраева Ж.Қ.

Мәмбетова М.Қ.

Кафедра мәжілісінде қаралды

Хаттама №___ «_ 2011 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ____________________ Г.Б.Мәдиева