Оқуға түсу үшін

Біздің студенттер

Газаков Анна Тиркешович, Түркменістан, Тарих факультеті

Менің ойымша, Алматы Қазақстандағы ең жақсы және әдемі қала. Мұнда ең үздік жоғары оқу орындары мен тамаша табиғат бар. Оқуға түсер алдында мен әлемдегі ең үздік ЖОО-лар тізіміне кіретін барлық жоғары оқу орындарын мұқият оқып шықтым және ҚазҰУ- бұл менің таңдауым екенін түсіндім! Бұл жерде мен тек мықты білім мен құнды кәсіби қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар университеттік тәрбие алғанмын. Мұнда Мен өзімді үйдегідей сезінемін, барлығы сондай мейірімді және қонақжай адамдар. Мен өз таңдауыма өте ризамын!

Бани Хани Бакр, АҚШ, Медицина және денсаулық сақтау факультеті.

Қазақстан мен үшін жұмбақ ел болды, бірақ осында келген соң ол мені қонақжайлығымен таң қалдырды. ҚазҰУ маған өзімді тұлға ретінде дамытуға мүмкіндік берді. Мұнда мен күнделікті қолданатын практикалық және теориялық білім алдым. ҚазҰУ барлық стандарттар бойынша жоғары сапалы оқу орны!

Чжанга, Қытай, Филология және әлем тілдері факультеті

Мен тәжірибелі оқытушыларымды және жақсы достарымды мақтан тұтамын, олардың арқасында мен орыс тілін үйреніп, қазақ тілін түсіне бастадым. Сондай-ақ қазақ халқы мен мәдениетін жетік меңгердім. Менің ойымша, университет тек базалық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар студенттерге өздерінің армандары мен тілектерін жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерін жасаған. Бұл тұрғыда менің туған университетім ҚазҰУ маған өте көмектесті, мен ҚазҰУ-дың барлық түлектері өз салаларында өз елі мен өз халқы үшін маңызды нәрсе жасайтын болады деп сенемін.

Ириэ Ицуки, Жапония, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

ҚазҰУ маған барлық жағынан ұнайды! Университеттің керемет ішкі дизайны. Мұндай ЖОО қабырғасында болу өте жақсы. Студенттік қалашық барлық жайлылықпен, субұрқақтармен және ағаштармен жабдықталған. Барлық мәдени іс-шаралар да өте жақсы өткізіледі. ҚазҰУ-менің ең үздік таңдауым!

Шин Мингёг, Корей мемлекеті, Халықаралық қатынастар факультеті

ҚазҰУ – бұл оқуға келетін орын ғана емес. Университетте ерекше атмосфера бар. Мұнда оқу мен жарқын өмір бірге жүреді. Мұнда жұмыс та, шығармашылық та, спорт та бар. Үйірмелер, секциялар бұл атмосфераны құруға ықпал етеді.  
Маған өте ыңғайлы. Мен ҚазҰУ студенті болғаныма қуаныштымын!

Мастророкко Адриано, Италия, Тарих, археология және этнология факультеті

ҚазҰУ мен үшін сапалы білім әлемін, жаңа таныстар мен мүмкіндіктерді ашты. Мұнда өте күшті оқытушылар құрамы! Бұл адамдар өз ісін біледі деп сенемін! Мен олардан көп нәрсені үйренемін. Мен ҚазҰУ-ды бітіргеннен кейін болашағым жақсы әрі тұрақты болатынына сенемін.

Джон Кон Ли, Пекин, Қытай

Мен ҚазҰУ-да оқығаныма өте қуаныштымын. Бұл мен болған университеттердің ішінде ең жақсысы. Ол әлемдегі ең жақсы әзірленген білім беру жүйесі. Мұнда әр елден келген көптеген студенттер оқиды, және барлығымыз жақсы білім аламыз деп сенеміз, өйткені білім - табысты болашақтың кілті.

Лиза Крюгер, АҚШ

ҚазҰУ бізге өз есігін айқара ашты, әсіресе маған филология және әлем тілдері факультеті ұнады. Себебі тілді үйренуге және жақсы білім алуға жақсы мүмкіндік бар. Мен лингвистиканы оқып, осында болғаныма өте қуаныштымын.

Коннор Мичилоти, Испания.

Студенттерге сабақ бергенде профессорлар мен кураторлар өте позитивты. Егер емтихан кездерінде бізде қандай-да бір мәселе туындаса, олар бізге әрдайым көмектесуге тырысады. Маған университетте тұрып жатқан жерім ұайды, бөлмедегі терезеден әдемі көрініс көрінеді.

Джакоб Биб, АҚШ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ең үздік академиялық қызметкерлер. Студенттердің оқуға және білімге деген жақсы мотивациясы бар.

Люси Бинфилд, Империя колледжі, Лондон, Ұлыбритания

Мен Қазақстанға алты аптаға ең ірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жоғары беделге ие болу үшін келдім. Осы уақытқа дейін мен әр минутты бағалаймын және университетке осы мүмкіндікті сыйлағаны үшін өте ризамын. Физикалық химия кафедрасында оқыдым, мен тілдік кедергіге қарамастан қызықты сабақтар өткізген тамаша және қызықты адамдармен таныстым және осындай таңғажайып елде үлкен жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік алдым, бұл өте құнды. Біздің елдеріміз арасындағы байланыстар жақын жылдары нығая түседі деп ойлаймын. Мен бұған сенімдімін, таңқаларлық елде ерекше және қызықты тәжірибе алғысы келетіндердің барлығына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға баруды ұсынамын.

Мария Юзец Джаз, Сантьяго де Компостела университеті, Испания

Қазақстанда өткізген күндерім өте ғажап болды. Не бары 4-ақ апта тамаша өтті және де осы ел туралы көп нәрсе айтуға болады, әсіресе Алматы қаласы туралы. Алматы қаласы жайында ең маңызды айтарым - бұл жердің адамдары өте жақсы және жылы шырайлы.

Мен аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында оқыдым. Егер сіз уақытыңызды жақсы өткізіп әрі сапалы білім алғыңыз келсе, осы көркем мемлекетте орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түсуіңізге кеңес беремін.