Магистратура

Мамандық шифры:

7M06113

Мамандығы:

IT-менеджмент

Факультеті:

Ақпараттық технологиялар

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Ақпараттық ресурстардың тиімділігін бағалау үшін ұйымның цифрлық инфрақұрылымына кешенді талдау жүргізу, оған жаңа әзірлемелер мен техникалық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін бағалау мақсатында АЖ, оның сандық компонентіне кешенді аудит жүргізу.
2. Басқарылатын объект туралы мәліметтерді жан-жақты статистикалық талдау негізінде ұйымның цифрлық инфрақұрылымына инновацияларды енгізудің тиімділігін болжау.
3. Ұзақ мерзімді перспективада компанияның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, оны басқарылатын объектінің салалық ерекшеліктеріне сәйкес интерпретациялау және жалпылау мақсатында ұйымның қаржылық басқарудың кешенді стратегиясын және оның компанияның даму стратегиясымен үйлесімін жасау.
4. Өндірістік бизнес-процестердің тиімділігін арттыру үшін іске асырылған техникалық шешімдерді бағалау және оларды іске асыруға кететін шығындармен салыстыру.
5. Қаржылық менеджменттің дамыған стратегиясына байланысты кәсіпорын, банктер, мемлекеттік сектор, салық қызметі, инвестициялық және венчурлық қорлар сияқты сыртқы агенттермен жұмыс істеудің дұрыс саясатын жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін бағалау.
6. Компанияда жүзеге асырылатын процестердің немесе жобалардың жағымсыз сценарийлерін анықтау, идентификациялау және басқару әдістері мен құралдарын ажырату және жіктеу. Зақымданудың мөлшері мен ықтималдығын, оларды залалсыздандыру әдістерін болжап, оларды азайтуға немесе алдын алуға арналған шығындармен салыстыру.
7. Шешімдер қабылдауға және бизнес-процестерді жетілдіруге қажетті білімді алу үшін деректерді интеллектуалдық талдауға арналған әдістер мен құралдарды қолдану.
8. Философиялық, тарихи, лингвистикалық, психологиялық ойларды ескере отырып, АКТ-ның қолданыстағы салаларынан, жаңа немесе пәнаралық салалардан білімді интеграциялау арқылы теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жүргізу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту.
9. Қажет болған жағдайда кәсіби және ғылыми қызметте байланыс құралы ретінде ағылшын тілін қолдана отырып, ғылыми зерттеулердің құжаттамасы үшін стандарттар мен нормативтік құжаттарға сәйкес ғылыми зерттеулердің процесі мен нәтижесін құжаттау.
10. Психологиялық-педагогикалық принциптерге негізделе отырып білім беру қызметін жүзеге асыру және оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу мақсатында курстың мақсатына сәйкес оқу сабақтарының мазмұнын, әдістері мен құралдарын анықтау
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген