Магистратура

Мамандық шифры:

7M03126

Мамандығы:

Халықаралық қатынастар

Факультеті:

Халықаралық қатынастар

Бiлiктiлiгі:
  • бейіндік бағыт - әлеуметтік білім магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қажетті білім мен кәсіби дағдылар кешенін қалыптастыру үшін алынған білімнің тұтас жүйесінің өзара байланысын, процестерді жүйелі түсінуді және қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың жалпы даму үрдістерін талдау дағдыларына ие болу, болашақ практикалық қызметте кәсіптік шет тілін меңгеру
2.Халықаралық қатынастар теорияларының парадигмасы контекстінде халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы мәселелеріне жүйелі, кешенді көзқарас қалыптастыру, әлемдік саясаттағы жаһандық және жергілікті процестердің даму тенденциялары туралы әртүрлі теориялар мен тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан бағалау және салыстыру, және шет тілдерін білуді пайдалана отырып
3.Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы теориялары мен тұжырымдамаларының әдіснамасын қолдану дағдыларына ие болу, ғылыми-зерттеу қызметі аясында экономикалық және саяси тенденцияларды зерттеу әдістерін қолдана отырып, әлемдік саясаттың жаһандық және өңірлік деңгейіндегі мәселелерді біріктіру
4.Жаһандық құрылымды трансформациялаудың негізгі аспектілері білімі негізінде жаһандық тенденцияларды жүйелі түсіну дағдысына ие болу, халықаралық өзара іс-әрекет аясындағы үрдістерді қолданбалы талдау мен болжамдау, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардағы кәсіби қызмет барысында практикалық міндеттерді шешу
5.Қазіргі жаһандық мәселелерді талдау кезінде қазіргі заманғы теориялар әдіснамасы мен саяси болжау әдістерін қолдана білу, кәсіби сараптамалық-талдау қызметінде әртүрлі халықаралық жағдайларда жетекші акторлардың геосаяси мүдделерін талдау барысында сценарийлік-талдамалық болжамдау дағдыларын меңгеру және психологиялық білім мен іскерлікті қолдана отырып
6.Жаһандық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үрдістерді жүйелі түсіну үшін өзекті жүйелі білім мен әдіснаманы синтездей білу, алынған білімді тиісті ведомстволарға ұсынымдар әзірлеу үшін білікті қолдана білу, сондай-ақ ұйымды басқарудағы негізгі тәсілдердің тиімділігін бағалау.
7.Қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін стратегиялық талдау негізінде әртүрлі деңгейлерде қауіпсіздіктің негізгі сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне талдау жүргізу, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті зерттеу міндеттерін әзірлеу, оларды зерделеудің тиісті әдістерін қолдану және кәсіби қызмет шеңберінде оларды шешу жолдарын болжау.
8.Кәсіби қызмет шеңберінде ғылыми білімді және зерттеу әдіснамасын қолдану қабілеті: әлемдік саясаттағы қазіргі заманғы оқиғаларды талдау барысында әртүрлі ғылыми теорияларды сыни талдау және салыстыру дағдыларына ие болу; тұрақты дамудың негізгі тенденцияларын ескере отырып, саяси шешімдер қабылдаудың экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерін бағалау; жаһандық құрылымның трансформациясы жағдайында жетекші әлемдік акторлардың қызметін болжамды талдау дағдыларын меңгеру.
9.Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың теориялық тәсілдері негізінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мақалалар, магистрлік диссертациялар, аналитикалық баяндамалар, сараптамалық бағалау форматында ресімдеу, алынған білімді, сыни талдау дағдыларын дербес ғылыми зерттеулер контексінде бірегей идеяларды дамыту және қолдану үшін пайдалану
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген