Магистратура

Мамандық шифры:

7M05216

Мамандығы:

Экологиялық топырақтану

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Заманауи топырақ жамылғысын және палео-
топырақтарды зерттеудің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларына ие болу, ақпаратты өңдеу, талдау және жалпылау үшін заманауи аспаптар мен ГАЖ технологияларын қолдана отырып қасиеттері мен режимдерін зерттеу әдістерін меңгеру.
2. Химиялық элементтердің тарауы, концентрациялары мен миграцияларының заңдылықтарын түсіндіру, литосфера мен топырақ жамылғысының дамуындағы экзогендік және эндогендік процестердің рөлін негіздеу.
3. Топырақтың әртүрлі типтерінің физикалық, гидрологиялық, химиялық, физика-химиялық, биологиялық және басқа да қасиеттерін зерттеудің инновациялық әдістерін қолдана отырып, құнарлылықтың оңтайлы параметрлерінің көрсеткіштерін түсіндіру.
4. Заманауи зерттеу әдістері мен экологиялық нормативтерді қолдана отырып, жер ресурстарын бағалау мен кадастрын, экологиялық сараптама мен шаруашылық аудит қызметін жүргізу. Топырақ ресурстарын пайдалану мен экономикалық өсудің арасындағы байланысты орнату және жерді тиімді пайдалануды реттеудің әкімшілік және экономикалық тетіктерін қолдануды негіздеу.
5. Экологиялық факторларға байланысты топырақ түзілу заңдылықтарын қолдана отырып, еліміздің аймақтарындағы топырақ жамылғысының ерекшеліктерін анықтау, табиғи және антропогендік әсерлермен байланысты топырақтың деградация, эрозия және шөлейттену себептерін түсіндіру, оларды қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды әзірлеу және зерттеу, заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулер кезінде топырақ материалдарын түсіндіру және өңдеу.
6. Топырақ ресурстарының халық шаруашылығында пайдаланылуына мониторинг жүргізу және бақылауды орындау, агроөнеркәсіптік кешенде пайдаланылатын жерлерді мемлекеттік бақылау мен бағалау процедураларын ұйымдастыру. Ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялау кезінде заманауи топырақты қорғау технологияларын енгізу мүмкіндіктерін анықтау, заманауи жоспарлау және болжау әдістерін қолдана отырып, топырақ ресурстарын оңтайлы пайдалану сызбаларын құру.
7. Топырақ құнарлығының ұдайы өсуін қамтамасыз ететін жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау, топырақтың өнімділігін арттыру құралдарын (минералды және органикалық тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар, өсімдіктердің өсу стимуляторлары және т.б.) пайдалану тиімділігін анықтау және олардың ел экономикасы үшін маңыздылығына талдау жүргізу.
8. Ақпараттың жалпы ағыны арасынан топырақ пен өсімдік жамылғысының құнарлылығы мен өнімділігінің одан әрі өзгеруін болжауға, оларды қорғау және тиімді пайдалану шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін негізгі пункттерді таңдай отырып, топырақтың экологиялық жағдайын бағалау.
9. Суармалы топырақты тиімді пайдаланудың кешенді сызбаларын жасау, суды тұтыну және суды бұру баланстарын құрастыру, суармалы жерлерде суарудың заманауи әдістерін қолдану.
10. Ластанған жерлерді тазарту, урбанизацияланған және техногендік ландшафттарды қалпына келтіру, тұзды және сілтілі топырақты (сор және сортаң) игеруді қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың типтік шараларын әзірлеу.
11. Камералдық, картографиялық, далалық, дистанциялық, зертханалық, стационарлық және басқа да зерттеу әдістерін қолдана отырып, мелиорация, халық шаруашылығында (ауыл, орман, су және т.б.) топырақ ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану стратегияларын негіздеу.
12. Ғылым, қоғам мен экономиканы дамытудың қазақстандық моделін талдау үшін ғылыми-тарихи және философиялық білімді еркін түсіндіру және шығармашылықпен пайдалану; сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларды өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану; тиімді шешімдерді қабылдау үшін психологиялық білімді қолдану, жеке өмірде және кәсіби қызметте сәтті қарым-қатынас стратегияларын жүзеге асыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген