Магистратура

Мамандық шифры:

7M05219

Мамандығы:

Геоматика және кеңістіктік жобалау

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Геоақпараттық жүйелерді қолдана отырып, әлемдік, аймақтық, жергілікті, муниципалдық деңгейлердегі әртүрлі дәрежедегі және күрделіліктегі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық геожүйелерді басқарудың теориялық және қолданбалы мәселелерін жіктеу;
ON2. Географиялық ғылымның іргелі тұжырымдамаларын қолдана отырып, геоақпараттық жүйелер мен аэроғарыштық зондтаудың қазіргі жағдайы мен тәсілдерін бағалау;
ON3. Геоақпаратты өңдеуді дәрежелеу және әр түрлі географиялық ақпараттық жүйелерде табиғатты, халықты және олардың өзара әрекеттесуін кешенді түрде зерттеу;
ON4. Экономиканың әр түрлі салаларында қолдану үшін ғылыми жобалар мен географиялық зерттеулерді жүзеге асырудың өзіндік әдістері мен технологияларын меңгеру;
ON5. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қала құрылысын жоспарлау үшін геоақпараттық картаға түсіру және кеңістіктік талдау әдістерін қолдану;
ON6. Табиғатты пайдаланудың негізгі мәселелерін анықтау үшін статистикалық деректерді пайдалану, сонымен қатар геоақпаратты және аэроғарыштық материалдарды ГАЖ көмегімен талдау негізінде қоршаған орта мониторингін жүргізу;
ON7. Кеңістіктік деректерді оңтайландыру және құрылымдау үшін географиялық зерттеулерді ұйымдастыру және оларды ГАЖ-ге енгізу кезінде негізгі мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
ON8. Жобалау және іздестіру, өндірістік мәселелерді шешу үшін географиялық талдау әдістерін қолдана отырып, үлкен көлемдегі геоақпараттық және аэроғарыштық деректерді далалық зерттеу материалдарымен талдау және салыстыру;
ON9. Кәсіби мәселелерді шешу, география мен геоинформатикадағы негізгі ақпаратты түсіну, ұсыну және сыни талдау үшін әр түрлі ақпарат көздерінен жұмыс істеу дағдыларын қолдану;
ON10. Географиялық ақпаратты өңдеу, талдау және синтездеу үшін географиялық зерттеу әдістерін қолдану;
ON11. Тұлғааралық, мәдениаралық және кәсіби қарым-қатынас үшін қазақ, орыс, шетел тілдеріндегі қарым-қатынасқа ауызша және жазбаша түрде түсу;
ON12. ЖОО-да геоақпараттық және географиялық пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін қолдану
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген