Магистратура

Мамандық шифры:

7M05407

Мамандығы:

Математика (РШАУ)

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін магистранттар келесі құзіреттерге ие болады:

ON1. Дәстүрлі және қашықтықтан оқытудың жаңа технологиялары мен оқыту әдістерін қолдана отырып, математикалық пәндер бойынша әр түрлі сабақтар өткізу, олардың әдістемелік қамтамасыз етілуін, студенттердің өздігінен жұмыс жасауына арналған тапсырмалар, практикалық тапсырмаларды орындау бойынша ұсыныстар, тәрбие жұмысының жоспарларын құрастыру;
ON2. Универсал, экзистенциалды және индуктивті теорияларды сипаттау үшін тасымалдау әдісін қолдана отырып моделдердің изоморфизмін жасау;
ON3. Стохастикалық деректерді талдау әдістерін қолдана отырып, экономика, қаржылық талдау, әлеуметтану, медицина саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу;
ON4. Математика саласындағы шетелдік ғылыми басылымдармен жұмыс істеу, математика саласындағы ғылыми ақпараттарды жинақтау үшін тілдік және лингвомәдени білімді құзырлы пайдалану, шет тілінде де;
ON5. Есептеу теориясын, модельдік теорияны, өрістер теориясын қолдана отырып, мәселелер мен есептер қою арқылы математика және білім беру технологиялары саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу;
ON6. Ақырлы топтар теориясындағы әдістерді қолдана отырып, әрі қарай зерттеу үшін топтық теория туралы білімдерін көрсету;
ON7. Нөмірлеу теориясы мен деректерді интеллектуалды талдау құралдарын қолдана отырып, мәліметтер қорындағы әртүрлі сұраныстарға іздеу алгоритмдерін жасау;
ON8. Математиканың қазіргі жетістіктері мен жоғары білім педагогикасының талаптары тұрғысынан математикалық пәндерді оқытудың оқу жоспарын жасау;
ON9. Математика, физика, механика, экономика және басқарудың қолданбалы есептерін шешудің тиімді математикалық әдістерін жасау;
ON10. Жеке зерттеулер аясында ғылыми гипотезаларды қалыптастыру үшін ғылыми ақпараттарға талдау жасау;
ON11. Барлық кәсіби қызмет барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктерді дамыту үшін тәуелсіз және автономды оқытуды жалғастыру, өзін-өзі шығармашылық жағынан дамыту және жетілдіру;
ON12. Галуа өрістер теориясының теориялық негіздерін игере отырып, басқа да ақырлы өрістерді зерттеу үшін топтық теория мен ақырлы өрістер теориясы арасында байланыс орнату.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген