Магистратура

Мамандық шифры:

7M01704

Мамандығы:

Шетел тілі: екі шетел тілі

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • бейіндік бағыт - білім магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1
Қазіргі шеттілді білім беру әдістемесі негізінде жаңа оқу технологиялары, жобалық-проблемалық оқыту тәсілдері арқылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне ағылшын және неміс/француз/қытай тілдері бойынша практикалық және теориялық сабақтар жүргізу.
ON2
Жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту әдістемесі негізінде пән бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастыру (практикалық/семинар/лабораториялық сабақтарға оқу материалдарын дайындау, магистранттың өздік жұмысына нұсқаулық, МӨЖ тапсырмасы, тапсыру графигі, әдістемелік нұсқаулық, дәрістердің қысқаша мазмұны, аралық бақылау тапсырмалары, midterm емтиханының бағдарламасы, пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылу картасы, қорытынды емтихан бағдарламасын құрастыру), әр пән бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімін құрастыру.
ON3
Ағылшын және неміс/француз/қытай тілдері бойынша сабақта пайдаланатын оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын, қазақстандық реалийлерді ескеретін ағылшын немесе екінші шет тілінде мәтіндер, жаттығулар, тест жинақтарын құрастыру, қосымша оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу.
ON4
Студенттің өздік жұмысы, семинар/практикалық сабақ, аралық бақылау, аралық емтихан, қорытынды емтихан түрлерін ескере отырып, білім нәтижесін дәл белгілейтін бағалау шкалаларын айқындап, бағалау инструментарийін құрастыру.
ON5
Өзіндік зерттеу нысаны мен пәнін анықтау үшін шеттілдік білім саласындағы қазіргі ғылыми тұжырымдамалар мен теорияларды сыни бағалау, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау, білім беру үдерісі тәжірибесіне гуманитарлық бейінді ғылыми білімді тоғыстыру, күрделі мәселелерде жол таба білу және толық емес немесе шектелген ақпарат негізінде пайым жасау, осы пайым мен білімді этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қолдану. Лингвистикалық ғылым саласында аналитикалық, логикалық ойлауға, талдауға, ғылыми негіздеуге және шығармашылық тұрғыдан шешім қабылдау.
ON6
IELTS, TOEFL, DAAD, DALF cертификаттарын ұсынатын курстарда жоғары деңгейде сабақтар жүргізу, курстар үшін авторлық бағдарламасын құрастыру, курс жұмыстарын жетілдіру үшін өзіндік ұсыныстарын білдіру, жеке курстар ашу, курсты жарнамалау мәтінін құрастыру.
ON7
Шетел тілінің стилистикасы, шет тілінің ресми-іскери стилі, құжаттық лингвистика негізінде халықаралық департаменттер мен ұйымдарда, мекемелерде ағылшын және неміс/француз/қытай тілдерінде іс қағаздарын жүргізу, хаттарға жауап беру, құжаттарды сауатты құрастыру.
ON8
Цифрлық технологияларды пайдаланып, ағылшын және неміс/француз/қытай тілдерін үйрететін әртүрлі программалар, мобильді қосымшалар жасау, көптілді лексикографиялық және оқу материалдарын қамтитын өнімдер жобалау және құрастыру. Көптілді білім беру бағдарламаларын құрастыру.
ON9
Салғастырмалы тіл білімі, контрастивтік, когнитивтік, корпустық лингвистика салалары бойынша салғастырмалы, салыстырмалы, психолингвистикалық, социолингвистикалық зерттеулер жүргізу. Ғылыми тұжырымдар жасау, ғылыми зерттеу нәтижелерін әртүрлі ғылыми журналдарда жариялау. Ағылшын тілінің ғылыми стилінде сауатты ғылыми мақала жазу.
ON10
Басқару және менеджерлік жұмыстарды ұйымдастыру, оқу мекемелерінің қызметін бақылау, қадағалау, білім басқармасы жұмысын үйлестіру, шеттілді білім беру саласы бойынша жоғары органдарға ұсыныстар енгізу, әртүрлі жағдаяттардан шыға білу, түрлі жанрдағы құжаттамалар құрастыру, пікір білдіру, қазастандық және халықаралық зерттеу ұжымдарының жұмысындағы ғылыми-білімдік міндеттерді шешу.
ON11
Шеттілді білім берудің әлеуметтік-психологиялық негізінде тиімді қарым-қатынас жасауға кедергі келтіретін мәдениаралық қарым-қатынастың вербалды және бейвербалды, орынды орынсыз компоненттерін жіктеу, коммуникативтік кедергілерді анықтау.
ON12
Әртүрлі дереккөздердегі, жаһанды компьютерлік желілердегі ақпараттарды талдау.Әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас құру.Мәдени-ағартушылық жобалар жасап, жүзеге асыру.Кәсіби іс-әрекетте адамдар арасындағы әлеуметтік мәдени айырмашылықтарды ескеріп, түрлі жағдаяттарға бейімделу.Жинақтау тәсілдерін меңгеруге және жеке тұлға ретінде өзін-өзі көрсету және дамыту. Оқуды өз бетінше жалғастырып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген