Магистратура

Мамандық шифры:

7M03111

Мамандығы:

Саясаттану

Факультеті:

Философия және саясаттану

  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистранттар қабілетті болады:
1.саяси ғылымның және онымен аралас салалардың қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіби практика саласын көрсететін проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;
2.жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін саяси ғылымда қолданылатын зерттеулердің қазіргі әдістерін түсінумен қатар, бар білімдерін оңтайлы қолдан а алу;
3.саяси ғылым саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;
4.өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын саясаттанулық талдаудың әдістерін, тәсілдерін және техникаларын меңгеру, сыни талдауды жүзеге асыру және алынған нәтижелерді түсіндіру, жаңа гипотезалар ұсыну;
5.күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;
6.мемлекеттік билік органдарындағы, дипломатиялық және мәдени мекемелердегі басқару процестерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу, өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;
7.экономика, құқық, бұқаралық саясат және дипломатия салаларындағы ынтымақтастық мәселелерінде жаңа және бейтаныс контекстерде қазіргі халықаралық қатынастар дискурсінде ғылыми негізделген технологиялық шешімдер табу;
8.саяси сараптамалар мен диагностиканы жүзеге асыру, Еуропа Одағы, Еуразия және Орталық Азия елдерінің саяси процестері мен мәдени өзара іс-қимылының болжамдарын жасау, бұқаралық сараптамалық қызметке қатысу;
9. саяси шешімдер қабылдау және әлеуметтік-саяси жағдайларды талдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
10.Еуропа мен Азияның геосаяси мәселелері бойынша стратегиялық және тактикалық сипаттағы саяси-құқықтық құжаттар мен ұсынымдарды әзірлеу;
11. саяси партияларды, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-құрылымдарды, БАҚ-ты және саяси процестің басқа да акторларын сараптамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру және кеңес беру қызметтерін көрсету;
12.жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген