Магистратура

Мамандық шифры:

7M02214

Мамандығы:

Көпшілік тарихы

Факультеті:

Тарих, археология және этнология

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1. Ұжымдық жадты қалыптастыру және тарихты аспаптық пайдалану саласында жүргізілген қолданбалы зерттеу нәтижесінде ұсыныстар әзірлеу;
2. Бұқаралық тарих, жад және мұра саласындағы сыни бағаланған теориялық және тұжырымдамалық дебаттар негізінде музей экспозициясы, мұрағат көрмесі, коммеморациялық іс-шаралар, баспа және интернет-кеңістікте ұсынылған топтық тур туралы сараптамалық қорытынды жасау;
3. Мемлекеттік және муниципалдық, мұражай, білім беру мекемелеріне, мұрағаттар мен туристік компанияларға ұлттың ұлттық санасын қалыптастыру міндеттері тұрғысынан тарихи өткен оқиғаны сақтауда, көпшілікке таратуда және ұсынуда кеңес беру;
4. Мультимедиялық және сандық технологиялар негізінде түрлі бұқаралық кеңістіктерде тарихи білімді ұсынуда технологиялық шешімдер табу;
5. Тарихты аспаптық пайдалану тұрғысынан мұражай ісі және тарихи жад саласындағы зерттеулер негізінде музей экспозициясы мен көрме ұйымдастыру;
6. Туристерді тарту және өткенді қабылдауға әсер ету, сондай-ақ ұлттың мәдени мұрасын сақтауға назар аудару тұрғысынан тарихи орындар бойынша топтық турларды, туризм саласындағы жобаларды әзірлеу;
7. Қоғамның кең тараған жерлерінде азаматтық өзін-өзі тану міндеттерін ескере отырып, баспа БАҚ-тарында және онлайн-ресурстарда тарихи өткенді көрсету;
8. Қоғам үшін аса маңызды оқиғалар мен тұлғаларды көпшілік алдында еске алу рәсімдері арқылы іске асырылатын қуатты тәрбие және білім беру әлеуетін түсіну негізінде түрлі деңгейдегі және әртүрлі түрдегі коммеморациялық іс-шараларды өткізу;
9. Бұқаралық тарихтың әртүрлі салалары үшін тарихи материалдарды жинау әдістерін меңгеру: ауызша тарих үшін сұхбат жүргізу техникасы, цифрлау үшін құжат дайындау, мұражайларға арналған материалдық объектілерді таңдау, тарихи білімді құралдандырумен байланысты этикалық мәселелерді түсіну негізінде коммеморация үшін сценарий жазу;
10. Ұлттың ұжымдық жадын қалыптастыру тұрғысынан баспа және цифрланған формада медиа-кеңістікте қойылған тарихи деректерді жүйелеу және түсіндіру;
11. Алған білімдерін жүйелеу, әрі қарай тұлғалық және кәсіби өсу үшін жаңа құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында бұқаралық тарихтың әр түрлі салаларын зерттеу барысында алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын түсіндіру және талдау;
12. Мұрағат мекемелері мен қолжазбаларды сақтау қоймаларына ұлттың мәдени мұраларын және этикалық мәселелерді сақтау және көпшілікке тарату бойынша кеңес беру.
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген