Магистратура

Мамандық шифры:

7M02305

Мамандығы:

Синхронды конференц-аударма (1,5 жыл)

Факультеті:

Халықаралық қатынастар

Бiлiктiлiгі:
  • Бейіндік бағыт - гуманитарлық білім магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Аударма қызметінде әдістемелік қағидалар мен аударма стратегияларын қолдануды;
мәдениетаралық қарым-қатынастың теориялық негіздерін, менеджмент және басқару психологиясын;
шетел және ана тілдерінің теориясын кәсіби деңгейде; дауыс мәдениетіне және вербалды емес мінез-құлыққа қойылатын талаптарға сәйкес синхронды аударма ерекшелігін, ауызша аударма кезінде физикалық және психологиялық шыдамдылықты пайдалана алады.
ON2 Синхронды-конференц аударманы сәтті орындай алу: дәлдік пен концентрацияның жоғары деңгейіне жету; үздіксіз стресс жағдайында психологиялық төзімділік көрсету, эмоция мен мінез-құлықты басқару (аудармашы - бейтарап транслятор); ауызша сөйлеу техникасын қолдану және сөйлеушінің сөзін дәл жеткізе отырып мәтінді тегіс оқуға, жақсы дикция, дұрыс интонациялау қабілетіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ON3 Саяси және іскери келіссөздерге қатысушылардың әлеуметтік, этникалық, конфессиялық, мәдени және өзге де айырмашылықтарын толерантты түрде қабылдап, әртүрлі мәдениеттер арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынас формаларын ауызша аударма үдерісінде жүзеге асыру, халықаралық сөйлеу этикетіне сәйкестендірілген ынтымақтастық пен толыққанды диалогты қамтамасыз ету.
ON4 Саяси, ғылыми, экономикалық және техникалық дискурс бойынша халықаралық конференциялар аясында парақтан және есту арқылы синхронды аудару. Лексикалық эквиваленттілік нормаларын, мәтін аудармасының грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларын және негізгі мәтіннің темпоралды мінездемесі талаптарын сақтай отырып, парақтан дәйекті аударма мен ілеспе аударманы жүзеге асыру.
ON5 Тақырыптардың кең спектрін және мамандандырылған терминологияны меңгеру; тіл мен стилді спикердің және аудиторияның сөзіне бейімдеу; тілдің аймақтық вариациялары мен белгілерін ажырату және түсіну; ауызша аударма үдерісінде сөйлеушінің сөзін табысты үндестіру үшін коммуникативті қабылдаудың (оқу, тыңдау) кәсіби деңгейін және өнімді (сөйлеу және жазу) дағдыларын көрсету.
ON6 Ауызша аудармадағы мәселелерді шешуде және түсіндіруде кездесетін қиындықтарды шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалана отырып пәнаралық сипатта синхронды-конференц аударма бойынша жобалық жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру. Түпнұсқада кездескен мазмұнның барлық компоненттеріне аударма мәтінде дәл көрсете білу мақсатында мәтіндік талдау және декодтау жүргізу.
ON7Синхронды аударма жасауда ауызша сөйлеу техникасын халықаралық форумдар, конференциялар мен келіссөздер жүргізу барысында білікті және жүйелі түрде қолдану. Аударма этикасының халықаралық стандарттарын сақтау және аударма қызметінде сәтті қарым-қатынас стратегиясын көрсету. Екі жақты аударманы ойдағыдай жүзеге асыру үшін шет тілінен ана тіліне және ана тілінен шет тіліне аудару кезінде сөйлемдердің коммуникативтік-логикалық құрылымын дәл әрі сапалы беру.
ON8 Дәйекті аударма үшін аударма жазу техникасын тиімді пайдалану; мәтінді компрессиялау әдістерін қолдану; екіжақты аудармада кезінде психологиялық және эмоционалдық күйзелісті еңсеру; синхронды аударма жағдайында ықтималдық болжауды жүзеге асыру; синхронды жабдықты, мәтіндік редакторларды, электронды сөздіктерді қолдану. Есте сақтауға арналған ақпараттың көлемін арттыру үшін жадыны жаттықтыру.
ON9 Спикер сөзінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бастапқы мәтінді қабылдау; автоматтандырылған тәртіпте ең жиі аударма сәйкестіктерін пайдалану; аударма трансформациясын қолдану; спикердің сөйлеу жылдамдығына тең аудару жылдамдығымен тез арада ауызша аударма жүргізу; қабылдау және қысқарту тұрғысынан тез бір тілден екіншісіне ауысу; тілдің нормалары мен сөйлеу этикетіне сәйкес интонацияны дұрыс қою.
ON10Халықаралық конференциялар мен келіссөздер аясында тілдік және сөйлеу дағдыларын, лингвоелтанымдық, елтанымдық және мәдениеттанымдық, сондай-ақ мәдени, әкімшілік және басқа да коммуникативті өзара қарым-қатынас салаларында синхронды аударма жасау үшін жан-жақты кешенді білімін көрсету. Мұнай, техникалық, құқықтық және экономикалық салалардың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияларда мәтіндерді реферативтік және ауызша аудару; монологты және диалогтық сөйлеуді жазу және жазусыз аудару.
ON11 Аударма тақырыбы бойынша терминологиялық глоссарий, әріптік жылдам жазу, символдар глоссариі, логика-синтаксистік қатынастар, идиоматикалық айтылымдар глоссариін құру. Түпнұсқа сөзді дәл қабылдауға ықпал ететін жазбаша және ауызша мәтіндерге алдын ала талдау жүргізу, халықаралық саяси келіссөздерді сәтті жүзеге асыру үшін когнитивті диссонансты және аудару үдерісіндегі сәйкессіздіктерді жеңу жолдарын болжау.
ON12 Өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жақсарту және дамыту; синхронды аудармада кезінде күйзелістік жағдайларда психологиялық тұрақтылықты дербес, тәуелсіз дамыту; назарын жинақтау үшін жаттығулар мен аутожаттығулар жасау;
лингвистикалық, физикалық және психологиялық дайындығын жүйелі түрде жақсарту, арнайы және фондық білімді, арнайы (заң, экономикалық, мұнай-газ, техникалық) және жиі қолданылатын лексиканың белсенді резервін кеңейту және тереңдету. Басқару психологиясы мен жобалық қызмет туралы білімді өзінің кәсіби және жеке әлеуетін дамыту үшін тиімді пайдалану.
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген