Магистратура

Мамандық шифры:

7M04218

Мамандығы:

Құқықтану (Висмар Ун.)

Факультеті:

Заң

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - заң ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
ON 1 Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасу процесін бәсеңдететін себептерді тұжырымдау және негіздеу, құқықтық мемлекет ережелерін қолдана отырып ғылыми зерттеулер ұйымдастыру,нәтижелі ғылыми- зерттеулер мен ғылыми-педагогикалық қызметке дайындығын көрсету;
ON 2 Еуропа елдерінде және ТМД мемлекеттеріндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен мемлекеттіліктің тарихи қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу барысында алған білімдерін көрсету, заңдық және басқа да әлеуметтік практика материалдарын негіздеу, ҚР және Еуропаның нақты саяси-құқықтық оқу-жаттығуларын, ғылымның пайда болуы мен тарихи эволюциясының философиялық мәселелерін, сондай-ақ қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелерін талдау;
ON 3 Дауларды шешу кезінде коммерциялық және корпоративтік құқық саласындағы ұлттық және халықаралық құқық нормаларын қолдану, заңдық талдаудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, практикалық және ғылыми-зерттеу қызметі барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу;
ON 4 Қолданыстағы азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын дамуы мен жетілдіруді жобалау;
ON 5 Халықаралық-құқықтық және еуропалық-құқықтық институттар мен құбылыстардың зерттеулеріндегі салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелерін бағалау және құқық теориясы мен практикасын жетілдіру, білім беру қатынастары, құқықтық мәдениет, ТМД және Еуропа елдеріндегі ҚР Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет қатысушыларын психологиялық-педагогикалық ағартудың жолдарын әзірлеу;
ON 6 Азаматтық-құқықтық қатынастарды, кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы, азаматтық құқық саласындағы мемлекеттік саясатты сыни бағалау; меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғаудың құқық қолдану практикасының жағдайларын бағалау және шешімдердің әртүрлі нұсқаларын әзірлеу;
ON 7 Халықаралық экономикалық қатынастар дамуының әлемдік тенденциялары мен динамикасын, олардың теориялық және практикалық мәселелерін жүйелі түрде түсіну және бағалау;
ON 8 Германия мен басқа да еуропалық елдердің шарттық және коммерциялық құқығының даму тетіктері мен факторларын түсіну;
ON 9 Германия мен Еуропа елдерінің конституциялық және әкімшілік заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелі түсіну;
ON 10. Халықаралық экономикалық интеграция кезеңдерін интерпритациялау және саралау, осы процеске құқықтық реттеудің әсер ету параметрлерін анықтау;
ON 11 ҚР халықаралық қоғамдастыққа интеграциялау мақсатында Қазақстанның шет елдермен экономикалық қатынастарын құқықтық реттеуді дамытудың перспективалы бағыттарын анықтау;
ON 12 Салыстырмалы халықаралық жария құқықтың негізгі тұжырымдамалық ережелерін түпнұсқалық зерттеу заң ғылымына үлес қосу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген