Магистратура

Мамандық шифры:

7M04209

Мамандығы:

Интеллектуалдық құқық (1 жыл)

Факультеті:

Заң

Бiлiктiлiгі:
  • Бейіндік бағыт - құқық магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 заманауи теорияларды, интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғау мәселелерін ғылыми жалпылау түрінде талдауды, бағалауды жүзеге асыру;
ON2 интеллектуалдық меншік саласындағы қазіргі құқықтық үдерістерді жүйелі бағалауды және заңнама нормаларын қолдануды жүзеге асыру;
ON3 интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимінде ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, оларды құқықтық қорғаудың пайда болу негіздерін, оларды құру мен азаматтық айналымда пайдаланудың құқықтық нысандарын анықтауды жүзеге асыру;
ON4 интеллектуалдық меншік объектілерінің түрлік ерекшеліктеріне сәйкес оларды коммерцияландыру және өндіріске зияткерлік меншікті енгізудің шарттық модельдерін, қорғаудың оңтайлы құқықтық нысандарын таңдауды жүзеге асыру.
ON5 жаңа салаларда, соның ішінде Интернет желісінде зияткерлік меншікті құру, пайдалану процесін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
ON6 қажетті шарттық құрылымдарды таңдауды, Шарт талаптарын, зияткерлік меншікті құруды, пайдалануды, ауыстыруды қамтамасыз ететін іс жүргізу қорғау нысандарын анықтауды жүзеге асыру;
ON7 зияткерлік өнімдер айналымы саласында заң құжаттарының, шарттардың жобаларын әзірлеу, оларды жасау, өзгерту, бұзу, орындау әдістемесін қолдану дағдыларын көрсету;
ON8 интеллектуалдық меншікті халықаралық-құқықтық қорғау ережелерін қолдану, қайшылықтар мен олқылықтар жағдайында коллизиялық қағидаттарды қолдану арқылы шешімдер табу;
ON9 интеллектуалдық меншікті құру, пайдалану, қорғау, құқықтық сүйемелдеуді іс жүзінде жүзеге асыру, тиісті стратегияны жоспарлау, ұйымдастыру, анықтау дағдыларын көрсету;
ON10 интеллектуалдық меншікті құру, пайдалану, қорғау мәселелері бойынша дауларды жеке шешуге алынған ғылыми білімдерді генерациялау дағдыларын көрсету;
ON11 ерекше құқықтарды құру, пайдалану, қорғау және коллизияларды шешу саласында құқықтық қазустардың өз шешімдерінің жобаларын және басқа да жазбаша және электрондық заңдық, процессуалдық құжаттарды әзірлеу дағдыларын көрсету;
ON12 интеллектуалдық меншік мәселелерін дербес ғылыми зерттеу кезеңдерінің мақсаттарын, міндеттерін тұжырымдауды жүзеге асыру, диссертация түрінде алынған нәтижелерді ұсыну, қорғауда дәлелді таныстыру
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген