Магистратура

Мамандық шифры:

7M04203

Мамандығы:

Спорт құқығы

Факультеті:

Заң

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - заң ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесілерге қабілетті болады:
1. Спорт саласындағы әлеуметтік саясатқа жан-жақты ғылыми және тәжірибелік талдау жүргізуге, осы бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етуге, қабылданатын құқықтық актілерді осы бағдарламаларды іске асырудың сәйкестігіне талдау жасауға;
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың тиімділігін талдауға, заңдылықты қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізуге.
3. Спорттық қызмет барысында туындайтын құқықтық жағдайларды қарастыруға, спорт ұйымының қызметін және ұйымдастыруды заңды сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, спорттық ұйым мен қауымдастықтың ресми өкілі болуға;
4. Қазақстан бекіткен спорт саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді талдау және қолдануға, олардың қағидаттары мен рәсімдерін енгізуге, халықаралық спорт заңнамасының қағидаттарына негізделе отырып, халықаралық келісімдермен регламенттелетін құқықтық жағдайларды шешуге;
5. Спорттық жобаларды іске асыру барысында заңды тәуекелдерді бағалауға, олардың алдын алу және азайту бойынша іс-шаралар өткізуге;
6. Келісім-шарттар мен келісімдерге талдау жүргізуге, оларды жасау, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге, келісім-шарттық спорттық құқық саласында кеңес беруге;
7. Халықаралық ұйымдарда, соттарда және басқа да инстанцияларда қазақстандық спорт ұйымдары мен ассоциацияларының мүдделерін білдіруге , Спорт, дене шынықтыру және денсаулық сақтау саласындағы нормалар мен стандарттарды білгеу, оларға бағдарлану және оларды заңгердің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында қолдануға;
8. Халықаралық қауымдастықтар мен медициналық ұйымдар тарапынан мемлекеттік бақылау, бақылау туралы заңнаманы түсіну және қолдануға, бақылау іс-шараларының заңдылығын және олардың дұрыс ресімделуін қамтамасыз ете білуге;
9. Мемлекеттің, жаттықтырушылардың, спортшылардың, спорт және дене шынықтыру ұйымдарының мүдделерін білдіру кезінде салық, қаржы, сақтандыру және өзге де заңнама нормаларын қолдануға;
10. Дене шынықтыру-спорт құқығы саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға;
11. Спорт және дене шынықтыру саласында басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде ғылыми негізді қамтамасыз етуге;
12 спорттық және оған ілеспелі заңнама салалары саласындағы кез келген өзгерістерді ғылыми негіздеуге, ғылыми негізделген бағдарламалық құжаттарды қабылдауды қамтамасыз етуге.
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген