Магистратура

Мамандық шифры:

7M05108

Мамандығы:

Фитобиотехнология

Факультеті:

Биология және биотехнология

  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Қазіргі заманғы биотехнологиялық әдістер мен әдіснамалық тәсілдерді – клеткалар мен ұлпа культураларын өсіру әдісін, генетикалық құнды өсімдіктерді сауықтыру және көбейту үшін гендік және клеткалық инженерия әдістерін қолдана отырып, эксперименттік зерттеулер жүргізу; медицинада, парфюмерияда, косметикада және өнеркәсіптің басқа да салаларында пайдаланылатын екінші реттік заттарды каллустық ұлпалардан бөліп алу; сұрыпталатын ауыл шаруашылық өсімдіктер сорттарына жабайы өсімдіктердің гендерін көшіруді қамтамасыз ету мақсатында жабайы түрлерді криосақтау.
2. In vitro жағдайында клеткалар мен ұлпа культураларын, каллус ұлпалары мен суспензия культураларын өсіру жағдайларын оңтайландыру және талдау, биологиялық белсенді заттарға бай регенеранттарды экспланттардан алу, оларды топыраққа көшіру және бейімдету мен дала жағдайында өсіру.
3. Зерттеудің заманауи биохимиялық, физиологиялық, молекулалық-генетикалық әдістерін пайдаланып, ортаның биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді, жоғары өнімді құнды шаруашылық дақылдарға скрининг жүргізу.
4. Биотехнологиялық өнім өндірудің регламентін жасау – физиологиялық, биохимиялық, молекулалық-генетикалық көрсеткіштері бойынша жоғары шаруашылық-құнды белгілері бар өсімдіктердің жаңа сорттары мен линияларын шығару немесе дәрілік өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды бөліп алу.
5. Органикалық тыңайтқыштарды кеңінен қолдана отырып, жоғары өнімді өсімдіктерді алу үшін өсімдік өнімділігінің физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін айқындайтын ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи тиімді технологияларын қолдану.
6. Фитофармакология саласында аурулардың таралуын алдын алу және ауыр дертке шалдыққандарды оңалту мақсатында өсімдік шикізатарынан алынатын биологиялық белсенді қоспаларды, құнды биологиялық белсенді заттар мен дәрілік фитопрепараттарды өндірістік әдістеремен алу.
7. Өсімдік шикізатын кешенді қайта өңдеу және мақсатты өнім алу бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз технологияларды қалдықсыз биологиялық конверсия әдістерімен әзірлеу.
8. Өсімдіктерді биологиялық қорғау әдістерін, экологиялық таза фитоөнімдерді алу үшін аурулармен күресудің диагностикалық және алдын алу құралдарын, ауыр металдармен, пестицидтермен, мұнай өнімдерімен ластанған аумақтарды фиторемедиант - өсімдіктермен көгалдандыру және оларды іріктеу арқылы бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру және технологияларын енгізу.
9. Фитобиотехнологияның маңызды бағыттары бойынша, атап айтқанда экологиялық қолайсыз аймақтарда өсімдіктердің тұрақты сорттарын аудандастыру, фитофармакология, тамақ, парфюмерлік-косметикалық өнеркәсіп үшін биологиялық белсенді компоненттерді жоғары деңгейде синтездейтін өсімдіктердің сорттары мен жаңа формаларын өсіру бойынша ұсыныстар жасау.
10. Жаңа және пәнаралық контекстерде алынған нәтижелер негізінде заманауи ақпараттық технологияларды, оның ішінде деректер базасын және нәтижелерді статистикалық өңдеудің қолданбалы бағдарламаларының пакеттерін пайдалана отырып, есептерді, ғылыми жарияланымдарды, презентацияларды ресімдеу.
11. Дәріс және тәжірибелік сабақтар өткізу, оқытушы қызметін ғылыми ұйымдастыру бойынша қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологиялары мен қазіргі заманғы әдістерді қолдану арқылы оқу бағдарламаларын құру.
12. Кәсіби қызметті орындауда жоғары мотивацияланған; кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін меңгеру, философия мен ғылым тарихының қазіргі заманғы мәселелеріне, тұлғааралық байланыстарды қалыптастыруға, жаңа күтпеген жағдайларда өз инициативасын білдіруге және толық өз жауапкершілігіне алуға, басқалардың ой-пікірін тыңдай отырып, өз көзқарасын білдіруге, командада жұмыс істей білуге қабілетті болу.
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2017-2020 жылдардағы мәліметтер көрсетілген