Магистратура

Мамандық шифры:

7M02207

Мамандығы:

Археология және этнология

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Көрсетілген бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистранттардан төменде көрсетілген қабілеттер күтіледі:
1. Физикалық, химиялық, геологиялық және биологиялық теориялар мен әдістерді қолдана отырып, археологиялық ескерткіштерді зерттеу.
2. Этникалық және этномәдени проблемалар бойынша мәдени орталықтар үшін сараптама жүргізу, пәнаралық және жүйелік тәсілдерді, тарихи және әлеуметтік әдістерді ІТ технологияларды қолдану арқылы салыстырмалы талдау негізінде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау.
3. Геодезияда қолданылатын әдістер негізінде далалық археологиялық экспедициялар жүргізіп, қазба орнындағы заттар мен материалдардың құжаттамасын ұйымдастырады, археологиялық материалдар сақтау, және оларды қаптау, өңдеу және тасымалдау жұмыстарын қамтамасыз етеді.
4. Әлеуметтік және математикалық әдістерді қолданып, жеке деректерді және сауалнамаларды өңдеу, деректерді жүйелендіру, аудио-видео, фото материалдарды қолдану арқылы далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу.
5. Ежелгі карталар негізінде ландшафтын 3D реконструкциясын жасау, немесе заманауи компьютерлік технологияларға негізделген кез-келген нысанның көлемді моделін компьютерде арқылы қалпына келтіру.
6. ІТ технологиясын пайдалана отырып, археология мен этнологияның теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша сабақтар мен курстар жүргізу; білім беру және тәрбиелік бағдарламаларды, әдістемелік ұсыныстарды, бағалау құралдарын әзірлеу, мұражай мекемелерінде оқу үдерісін жүргізу.
7. Тақырыптық жоспарды әзірлеуде, экспозицияны, көрмені қалыптастыру барысында ғылыми білімдерін ұсыну; заманауи экспозициялық жобалау теориясы мен тәжірибесінде жетекші технологияларды меңгеру; музейлік мекемелерде ғылыми зерттеулер үшін тарихи, мәдени және материалдық емес мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы мемлекеттік және халықаралық құжаттармен жұмыс жасауда заманауи терең білімін айқындау.
8. Тарихи мұра объектілерін сақтау барысында археологиялық қадағалау жұмыстарын жүргізу және археологиялық реконструкциялардың мүмкіндіктерін негіздеу. Тарихи, мәдени және материалдық емес мұралардың объектілерін сақтау жағдайына мониторинг жүргізу; іс жүзіндегі даулы мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдау; тарихи-мәдени мұраны сақтау бағдарламаларын әзірлеу; археолог пен этнологтың кәсіби қызмет саласындағы мәдени және басқа да институттарды басқара білу, өз жұмысын ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
9. Аймақтың және ежелгі өркениеттің тарихын археологиялық қағидаттарына сәйкес материалдық мұраны зерттеу, археологиялық қалдықтарды сәйкестендіру, археологиялық кезеңдер бойыша материалдар мен құралдардың өндіру әдістерін анықтау.
10. Салыстырмалы талдау, салыстырмалы әдіс, пәнаралық және жүйелік тәсілдер негізінде этникалық, этномәдени процестер мен этносаралық қатынастарың мәселелері бойынша сараптамалық жұмыс жүргізу.
11. Ғылыми семинарларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, пікірталас клубтарын өткізу мақсатында ғылыми-зерттеу және мәдени мекемелерде, мәдениет бөлімдерінде стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеу.
12. Әріптестермен ынтымақтасуға дайындық, командада жұмыс істеу; өз пікірін білдіруге, қорғауға әзірлік; әртүрлі мәдени және діни деңгейлерде топтық жұмыстың әлеуметтік және этикалық нормаларын пайдалана білу; жеке және кәсіби перспективалық даму стратегияларын құруға, одан әрі оқуға дайын болуға; қажетті құжаттарды, іскерлік хаттарды немесе жеке сипаттағы құжаттарды толтыру дағдыларына ие болуы; жеке ойлау мен сөйлеу мәдениетін, кәсіби және академиялық этиканың негіздерін меңгеру .
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген