Магистратура

Мамандық шифры:

7M02210

Мамандығы:

Тарих

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Ұлттық тарих, дүниежүзі тарихы, тарихи демография, мәдени мұра тарихының кәсіби саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, тарихи зерттеудің әдістері мен аспаптары саласында ғылыми танымды дамытудың қазіргі кезеңдегі жағдайы мен үрдістері туралы терең білімін көрсете білу;
ON2 «Жаңа тарихи ғылымда» (микротарихи, макротарихи, тарихи-антропологиялық және т.б.) қалыптасқан жаңа тәсілдерді қолдану болашағын және қазіргі заманғы ғылымда пәнаралық тәсілдерді құрастыру мен эвристикалық зерттеу моделінқолдану амалдарынжасау;
ON3 Тарихи зерттеу әдістерінің дамуы мен өзгерісіне талдау жасау және өзара байланысты әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге (менталдылық, антропология, психология, филология, тіл білімі тарихы) пәнаралық тәсілдерді қолдану стратегияларын ажырату;
ON4 Қазіргі кезеңде қолданылатын пәнаралық тәсілдер негізінде қазіргі заманғы зерттеу тәжірибелерін жүйелі түрде түсінетінін көрсету, пәнаралық тәсілдер дамуын және олардың тарихи білім салаларында қолданылу болашағына талдау жасау;
ON5 Отандық және дүниежүзілік тарих саласындағы ғылыми әдіс-тәсілдер мен негізгі үрдістерді талдау, салыстыру, шет мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық, саяси, конституциялық-құқықтық дамуының іргелі мәселелерін зерттеудің жаңа тәсілдерінің мәнін түсіндіріп беру;
ON6 Ұлттық мемлекеттің этникалық, этномәдени және демографиялық үдерістерін зерттеу қағидаларын жасау, алған білімдерін жинақтау, танымдық және кәсіби қызметінде Қазақстанның тарихи демографиясы ғылыми тұжырымдамасының қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру;
ON7 Зерттеу жұмыстарының тақырыптарымен танысуға арналған ғылыми ізденістерді жоспарлау, жұмыстың мақсатын, зерттеу міндеттері мен тарихи зерттеу әдістерін негіздеу және әлеуметтік-гуманитарлық, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарыныңнақты логикалық және математикалық әдістерін қолдану;
ON8 Әлемдік білім беру жүйесі мен герменевтикалық, интуитивті-тұлғалық, ақиқаттық бірегей ғылыми зерттеулерді біріктіретін зерттеу рәсімдері мен әдістерін меңгеру;
ON9 Мәдени мұраны сыни тұрғыда талдау және олардың тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, этникалық, мәдени, діни ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы білім беру жүйесіне бейімдеу;
ON10 Алған білімдерін тарихи ғылымды дамытуға, стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешуге пайдалану, негізгі тарихи міндеттерді, зерттеу әдістерін зерттеу мен жүйелеуге байланысты мәселелерді саралау;
ON11 Аналитикалық және зерттеу орталықтарының, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының практикалық қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты дайындау және өңдеуге сарапшылық-аналитикалық дағдыларды қолдану;
ON 12 Ағылшын, түрік және т.б. тілдерде кәсіби байланыстар орнату және кәсіби қарым-қатынасты дамыту техникасын меңгеру, оны қолдану, шетелдік және отандық тарихи ғылымда әлеуметтік-гуманитарлық білімді дамыту және өзгерту мүмкіндігін анықтау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген