Магистратура

Мамандық шифры:

7M03107

Мамандығы:

Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. мемлекеттік басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіптік практика саласын көрсететін проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;
2. зерттеулер мен талдаудың қазіргі әдістері жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін қалай қолданылатынын түсінумен қатар, бар білімдерді оңтайлы қолдана алу;
3.мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;
4. өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын әдістерді, тәсілдерді және техникаларды меңгеру, сыни талдау және алынған нәтижелерді түсіндіру, жаңа гипотезалар ұсыну;
5.күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;
6.мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардағы басқару процестерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу; өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;
7.жаңа және бейтаныс мәнмәтіндерде қазіргі халықаралық қатынастар дискурсында мемлекеттік бағдарламаларды басқару және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ғылыми негізделген технологиялық шешімдер табу;
8.саяси сараптамаларды, саяси диагностиканы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық секторлардың дамуындағы дағдарыстар мен қауіп-қатерлерге дербес болжам жасау;
9. стратегиялық және тактикалық сипаттағы мемлекеттік бағдарламаларды, тәуекелдерді басқару және дағдарысқа қарсы даму жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, PR-технологияларды тиімді пайдалану;
10.мемлекеттік шешімдер қабылдау және әлеуметтік-саяси жағдайларды талдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
11. консалтингтік қызметтер көрсету және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және қоғамдық-саяси үдерістің басқа да акторларының қызметінде талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
12. жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген