Магистратура

Мамандық шифры:

7M03110

Мамандығы:

Саясаттану

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.саяси ғылымның және онымен аралас салалардың қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіби тәжірибе саласын қамтитын проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;
2.жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін саяси ғылымда қолданылатын зерттеулердің қазіргі әдістерін түсінумен қатар, бар білімдерді оңтайлы қолдану жолдарын табу;
3.саяси ғылым саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;
4.өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын саясаттанулық талдаудың әдістерін, тәсілдерін және техникаларын меңгеру, сыни талдауды жүзеге асыру және алынған нәтижелерді түсіндіру, жаңа гипотезалар ұсыну;
5.күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;
6.мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық-саяси ұйымдардағы басқару үдерістерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу, өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;
7.жаңа және бейтаныс мән-мәтіндерде саяси мәселелердің ғылыми негізделген технологиялық шешімін табу;
8.саяси сараптамаларды, саяси диагностиканы жүзеге асыру, саяси процестердің болжамдарын өз бетінше жасау, бұқаралық сараптамалық қызметке қатысу;
9. саяси шешімдер қабылдау және әлеуметтік-саяси жағдайларды талдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
10.қазіргі қоғамның саяси проблемалары бойынша стратегиялық және тактикалық сипаттағы саяси-құқықтық құжаттарды және ұсынымдарды әзірлеу;
11. кеңес беру қызметтерін көрсету және саяси партияларды, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-құрылымдарды, БАҚ және саяси процестің басқа да акторларын талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
12.жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген