Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02310

Мамандығы:

Инновациялық әдебиеттану

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ОН1: Әдебиеттану және фольклортану саласындағы қазіргі іргелі, теориялық, практикалық білімді, шетелдік және әлемдік тұжырымдамаларды түсіндіру.
ОН2: Әдебиет, текстология және фольклортану саласында іргелі зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдебиеттанулық талдаулардың жаңа әдістемелері мен әдістерін жасау.
ОН3: Жүйелі, герменевтикалық, когнитивті, шығармашылық, пәнаралық, инновациялық тәсілдер арқылы қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдебиет тарихы, компаративистика, текстология, әдебиет теориясы және фольклор поэтикасы бойынша ғылыми қорытындылар жасау.
ОН4: Жалпы ғылыми және филологиялық зерттеу құралдарын қолдана отырып, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, көркем шығармаларға сараптамалық қорытындылар жасау.
ОН5: Ғылымды басқару және оны коммерцияландыру саласында инновациялық, стратегиялық, жобалық менеджментті пайдалана отырып, ғылыми мекемелер қызметінің стратегияларын, start-up-тарды, бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу.
ОН6: Заманауи әдіснамалар негізінде әдебиеттану, текстология, фольклортану және компаративистика саласындағы өзекті мәселелер бойынша жоғары импакт-факторлы ғылыми жарияланымдар дайындау;
ОН7: Қазақстандық әдеби және фольклорлық мектептердің ғылыми үлесін бағалау және осы пән салаларында жаңа білім алу.
ОН8: ЖОО-да әдебиетті және фольклорды оқытудың жаңа әдістемелік және педагогикалық тәсілдерін дәстүрлі және қашықтан форматта әзірлеу.
ОН9: Заманауи талаптарға сәйкес әдебиеттану және фольклортану саласында оқулықтар, оқу құралдарын, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
ОН10: Ғылыми қоғамдастықта ағылшын тілінде ғылыми пікірталастар өткізу, академиялық жазу және деректерді сандық өңдеу дағдыларына ие болу.
ОН11: Ескі қолжазба материалдарын сақтауға арналған дыбыс жазу, тазалау және сканерлік аппараттар арқылы инновациялық технологияларды пайдалана отырып мәдени мұраны ғылыми-практикалық тұрғыдан жүйелеу, цифрлық өңдеу және сақтау дағдыларын меңгеру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген