Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D06302

Мамандығы:

Криптология және ақпараттық қауіпсіздік (Ғылым Ордасы)

Факультеті:

Ақпараттық технологиялар

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON 1. Қолданбалы, эксперименттік, теориялық зерттеулердің заманауи теориялары мен тұжырымдамаларына, әдістері мен әдістемелеріне интерпретация жасай отырып, проблемаларды ғылыми тұжырымдау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласында аналитикалық зерттеулер жүргізу.

ON 2. Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді талдай және бағалай отырып, осы саладағы эксперименттік зерттеулер нәтижесінде бағдарламалық өнімдерді модельдеу.

ON 3. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері саласындағы білімді, криптография міндеттерінің теориялық-ақпараттық тәсілдерін, криптографиялық талдау әдістерін, ақпараттық қауіпсіздік стандарттары мен саясаттарын және АЖ қауіпсіздігін бағалау әдістерін пайдалана отырып, біртұтас, жүйелі ғылыми тәсіл негізінде ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру нәтижесінде алгоритмдер мен оларды жүзеге асыратын бағдарламаларды әзірлеу.

ON 4. Криптологияның заманауи әдіснамасын қолдана отырып, теориялық, іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесінде деректерді криптографиялық түрлендірудің ғылыми тәсілдерін, әдістерін әзірлеу.

ON 5. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін шешу бойынша отандық және халықаралық зерттеу жобаларының жұмысына қатысу.

ON 6. Қорғалатын ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық жүйелердің қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік дәрежесін негізді бағалай отырып, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау саласындағы ғылыми және практикалық салада сараптамалық қорытынды жасау.

ON 7. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін басқару үшін әдіснаманы, ережелерді, қағидаларды, нұсқаулықтарды және басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды жасау.

ON 8. Криптографиялық құралдар мен алгоритмдердің тұрақтылығын арттыратын тиімді әдістер мен алгоритмдер құру.

ON 9. Негізгі примитивті және қолданбалы хаттамаларды практикада қолдану, хаттамалардың тұрақтылығын талдау туралы түсінікке ие болу.

ON 10. Жалпыға танылған халықаралық әдіснамалар негізінде инциденттерді жою мақсатында ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін тестілеу және бағалау әдістемесін әзірлеу.

ON 11. Жоғары импакт-факторы бар ғылыми жарияланымдарды ағылшын тілінде мақалалар шығару, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін апробациялау, әртүрлі халықаралық конференцияларға, форумдарға және ғылыми семинарларға қатысу.

ON 12. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік қамтамасыз ету, оқу пәндерін әзірлей отырып, заманауи, цифрлық білім беру ресурстарын, проблемалық бағдарланған, практикаға бағытталған оқыту технологияларын, сараланған студентке бағдарланған педагогикалық тәсілдерді пайдалана отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн және офлайн режимдерде оқытушылық қызметті жүзеге асыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген