Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02214

Мамандығы:

Тарихи демографиядағы инновация (Ғылым ордасы)

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Пәнаралық, тарихнамалық әдістерді қолдану арқылы, заманауи ғылым тұрғысынан ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды түсіндіре отырып, ғылыми мәселелерді тұжырымдау және шешу, институционалдық жадыны дамыту үшін библиографиялық және деректанулық талдау жүргізу негізінде гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерге талдамалық зерттеулер жүргізу.
ON2. Қазіргі заманауи әдістемелік құралдарды, жалпы инновациялық өңдеу әдістерін, соның ішінде демография саласында халық санағының нәтижелерін, статистикалық материалдарды және т.б. қолдану арқылы тарих ғылымдары саласындағы қолданбалы зерттеулер нәтижесінде алынған ұсыныстарды негіздеу.
ON3. Іргелі зерттеулер жүргізу нәтижесінде заңдылықтарды, ғылыми тәсілдерді, әдістерді, қағидаттарды бағалай отырып, сандық технологияларды қолдану негізінде тарихи, тарихнамалық, деректанулық, тарихи-демографиялық зерттеулердің теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыру.
ON4 Ғылыми ұйымдарды тиімді басқару үшін инновациялық, жобалық менеджмент негізінде тарих, тарихнама, деректану және тарихи демография саласындағы ғылыми зерттеулердің орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу.
ON5. Гуманитарлық саланың тарихи, тарихи-демографиялық бағыттары бойынша инновациялық тәсілдерді, синергетика әдісін, тарихи, шынайылық қағидаттарын қолдана отырып, институционалды жадының мәдени-тарихи сәйкестілігіне қатысты сараптамалық қорытындылар жасау.
ON6. Контент-талдау әдісін, математикалық әдісті, BigData, т.б. өңдеудің инновациялық цифрлық технологияларын пайдалана отырып, алдағы 2021 ж. Ұлттық халық санағының табиғи даму және көші-қон үдерістер, халықтың өсу динамикасы бойынша статистикалық мәліметтерін талдау.
ON7 Заманауи демографиялық үрдістер саласындағы әртүрлі тарихи дерек көздерінің сәйкестілігін бағалау, жіктеу, түсіндіру және оларды ұлттық зерттеулерде іс жүзінде қолдану.
ON8 Заманауи инновациялық әдіснаманы пайдалана отырып, қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін және әлемдік және отандық тарих саласындағы ұлттық мүдделерді ескере отырып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бойынша ғылыми Star-tup (стартаптар) әзірлеу.
ON9 Гуманитарлық ғылымдардың тарих және демография салаларындағы өзекті мәселелері бойынша индексі жоғары ғылыми жарияланымдарда шет тілінде жарияланымдар шығару.
ON10 Ұлттық мәдениет, тарихи инновациялық демография мәселелері бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар аясында заманауи ғылыми әдістер негізінде ғылыми нәтижелерді сынақтан өткізу.
ON11 Гуманитарлық пәндер бойынша сандық білім беру ресурстарын, мәселелік-бағдарлы, тұлғалық-бағдарлы жобалық-инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары оқу орындарында дәстүрлі және қашықтықтан оқыту форматында оқыту сабақтарын өткізу.
ON12 Сандық технологияларды пайдалана отырып, гуманитарлық пәндер бойынша әдістемелік, бақылау-өлшеу құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдарын әзірлеу. Топта жұмыс жасау, ішкі көзқарас, өзін-өзі реттеу, көшбасшылық дағдыларына ие болу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген