Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02217

Мамандығы:

Дінтанудың өзекті мәселелері

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Қазіргі заманғы дін мәселелерін зерттеуде өзекті тәсілдерді қалыптастыру мақсаты үшін дінтанудың деректану және тұжырымдамалық-операциялық мәселелерін қарастыру.
ON2. Ғылыми әдістемелік және деректану материалдарын, діни зерттеулердегі классикалық және постмодерндік әзірлемелерді, библиографиялық және тарихнамалық материалдарды діни білім модельдерін қалпына келтіру отандық дінтануды модельдеу мүмкіндігі үшін пайдалану.
ON3. Діндарлық және зайырлылық, діни алуан түрлілік, діни плюрализм, ақпараттық кеңістіктегі дін арақатынасы, діндер арасындағы диалог пен конфронтация, радикализм мен экстремизмнің алдын алу және т.б. секілді мәселелерді негіздеп жаңа қорытындылар алу үшін пәнаралық зерттеулер жүргізу.
ON4. Салыстырмалы аналитикалық шолу мен мазмұнын - ғылыми діни дереккөздерді, ақпараттық интернет-ресурсты сыни бағалауға, діни білімдерді жүйелі қорытуға және оны ғылыми және білім кеңістігінде қолдануға талдау жасау.
ON5. Кешенді талдау негізінде діни ағымдарды, діни ұйымдарды жіктеу, қажет болған жағдайда оларға объективті баға беріп, діни сараптама жасау.
ON6. Дінтанудың әдіснамалық қағидаттары негізінде конфессияаралық диалог пен консолидацияны жақсартудың онтологиялық мүмкіндіктерін анықтай отырып, қазақстандық қоғамның діни-мәдени ландшафтына талдау жүргізу.
ON7. Дінтану мен діни саланың өзекті мәселелеріне импакт-факторы бар жоғары деңгейлі журналдарда ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге, ғылыми мақалалар жаза білуге дағдыландыру.
ON8. Алынған зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа, көпшілікке конференцияларда, диалогтарда және сарапшылар алаңында көпшілік алдында сөйлеу арқылы ұсыну.
ON9. Конфессиялық саясатты жетілдіру үшін діндегі диалогтық әлеуетін анықтау мақсатында діни әдебиеттерді, діни ілімдерді, діни идеологияларды зерттеуде тұжырымдамалық-когнитивті әдістемелерді әзірлеу және қолдану.
ON10. Ғылыми ізденісте және идеялар генерациясында бола отырып, субъективтіліктен айырылған ғылыми позицияны қалыптастыру.
ON11. Дінтану пәнін оқытудағы және діни білім беруді зайырлы қоғамның рухани компоненті ретінде институттандырудағы сәтті инновациялық әдістер мен педагогикалық психология практикасын тексеру.
ON12. Топпен жұмыс және қарым-қатынас жасап, ғылыми әлеуетті іске асыруға ұмтылу, алған білімді тәжірибеде қолданып, тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге ықпал ету: діни және мәдени әртүрлілік пен мәдени бірегейлікті сақтап және кез-келген діни кемсітушілікке ой білдіру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген