Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D02212

Мамандығы:

Классикалық шығыстану (Ғылым ордасы)

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ОН 1. Қазіргі заманғы шығыстану ғылымының үрдістерін, әртүрлі теорияларды, тұжырымдамалар мен тәсілдерді, қазіргі заманғы әдіснамалар негізінде зерттеулердің перспективалық бағыттарын, ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін талдау.
ОН 2. Зерттеу барысында талдау, синтез әдістерін, жүйелік және салыстырмалы-салғастырмалы әдістерді қолдана отырып, ғылыми материалды қолдану.
ОН 3. Заманауи тарихнамалық және ретроспективті талдау әдістерін қолдана отырып, ғылыми тенденциялардың даму перспективаларын бағалау.
ОН 4. Мәдени, тарихи, лингвистикалық дискурстарды түсіндіруде, сондай-ақ, өткен және/немесе қазіргі кездегі шығыс және басқа мәдениеттер мен ұқсастықтарды түсінуде тәуелсіз ойлауды көрсету.
ОН 5. Тиісті әдістер мен заманауи тәсілдерді қолдана отырып, сенімді ғылыми нәтиже алу үшін пәнаралық зерттеулер жүргізу.
ОН 6. Пәнаралық зерттеулер негізінде шығыстанудың түрлі пәндік салалары бойынша ғылыми-талдамалық шолулар жасау.
ОН 7. Деректанулық талдау мен синтезді қолдана отырып, әр түрлі дереккөздердің репрезентаттығын бағалау.
ОН 8. Қазіргі заманғы инновациялық әдіснаманы пайдалана отырып, шығыстану бойынша зерттеу жобалары мен бағдарламалары шеңберінде, оның ішінде, дәйексөз индексі жоғары шет тілінде ғылыми жарияланымдар дайындау.
ОН 9. Шығыстану әдіснамасы мен ақпаратты өңдеудің инновациялық технологиялары негізінде, Шығыс елдерінің тарихы мен тілі, саясаты мен діні бойынша мемлекеттік және жеке мекемелерге аналитикалық анықтамалар құрастыру.
ОН 10. Жоғары оқу орындарында шығыстану, тарих, тілдік пәндер бойынша офлайн және онлайн форматта, цифрлық білім беру ресурстарын, проблемалық-бағдарланған, тұлғалық-бағдарлы жобалық-инновациялық оқыту технологияларын пайдалана отырып оқу сабақтарын өткізу.
ОН 11. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, гуманитарлық пәндер бойынша әдістемелік қамсыздандыруды, бақылау-өлшеу құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік құралдарды әзірлеу.
ОН 12. Ашық ғылыми пікірталастарға қатысу, командада жұмыс істеу, өзін-өзі талдау дағдылары болуы керек.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген