Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D05207

Мамандығы:

Экология

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін философия докторлары келесідей мүмкіндіктерге ие болады:
1. қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты шешімдерді қабылдау үшін қоршаған ортаны жүйелі талдаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
2. өндірістің әртүрлі салалары үшін экологиялық таза технологияларды қолданудың экономикалық қажеттілігін негіздеу;
3. экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа теориялар мен модельдер негізінде берілген әдістеме бойынша зертханалық зерттеулер шеңберінде ғылыми эксперименттер жүргізу;
4. оқу үрдісінде қолдану үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа бағыттардың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру;
5. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды саралап қолдану;
6. өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа бағдарламалық өнімдер мен математикалық әдістерді қолдана отырып экологиялық және техногенді қатерлерді есептеу;
7. қоршаған орта компоненттерін басқару үлгілерін таңдау және бейімдеу негізінде нақты экологиялық мәселелерді шешу үшін ұсынымдар әзірлеу;
8. табиғи ресурстарды тиімді басқару және экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бағдарламалар әзірлеу;
9. қоршаған ортаның ластануын одан әрі болдырмау үшін табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен экожүйелердің даму бағыттарын болжау;
10. жаңа идеялардың синтезі негізінде бірегей зерттеуді жүзеге асыру, оның нәтижелері ғылыми зерттеулерді одан әрі жылжыту үшін референттік басылымдарда жарияланатын болады;
11. іргелі экологияның нақты міндеттерін шешу кезінде далалық жағдайда зерттеулердің сызбасы мен технологиясын әзірлеу, міндеттер қою;
12. кең ғылыми қоғамдастыққа және жұмыс берушілерге ғылыми қолданбалы нәтижелерді таныстыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген