Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D11301

Мамандығы:

Логистика (сала бойынша)

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Тұрақты емес нарық және инновациялық технологияларды енгізу жағдайында математикалық модельдері мен әдістерінің ең аз жиынтығы және инжиниринг мен реинжинирингтің негізгі бағыттарын жүйелеу және интерпретациялау негізінде логистикалық жүйелер мен жеткізу тізбектеріндегі бизнес-үдерістерді жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындар қызметін қайта ұйымдастыру және үдерісті басқару бойынша шешімдерді әзірлеу.
ON2 Логистикалық жүйелердің ұйымдастыру-шылық және басқарушылық құрылымын құру, математикалық аппаратты, құрылымдық және функционалдық модельдерді, микро және макродеңгейде логистикалық жүйелерді жобалау әдістері мен модельдерін, басқару мақсаттары мен функцияларын жүйелі талдау әдістемесін пайдалана отырып, логистикалық жүйелерді формалды сипаттау және басқару үшін жеткізу тізбектерін басқару жүйесіне инновациялық қызметті жобалық басқаруды интеграциялау.
ON3 Ұйымдарды, жобалар мен желілерді логистикалық басқару кезінде жеткізу тізбегін интеграцияланған стратегиялық жоспарлау құралдары мен технологияларын, жеткізу тізбектерінің стратегиялық контроллинг әдістері мен жеткізу тізбегінің дамуын болжау әдістерін қолдану негізінде инновациялық логистикалық менеджмент ғылымының принциптері мен заңдылықтары көмегімен кез келген нысанды басқаруды жетілдіру үшін тиімді логистикалық стратегияларды генерациялау.
ON4 Логистикалық жобаларды және оларды іске асыру практикасын кешенді талдауды жүзеге асыру, басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде тәуекелдерге талдау жүргізу, тәуекелді төмендетудің инновациялық әдісін қолданудың орындылығын анықтау, компанияның логистикасы инсорсинг/аутсорсинг бойынша дұрыс шешімдерді қамтамасыз ету тұрғысынан логистикалық қызметтер нарығының жай-күйін бағалау, логистикалық жүйелер мен жеткізу тізбектерінде басқару процесінде туындайтын өзекті мәселелерді айқындау.
ON5 Көліктік-технологиялық логистикалық жүйелерді қалыптастыру бойынша іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру, тиімді техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздестіру және жеткізу тізбектеріндегі бірнеше тиімділік критерийлерінде жобалық шешімдерді қабылдау мақсатында имитациялық модельдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жеткізу тізбектерінде логистикалық қызметтердің жеткізушілерін таңдау бойынша тендерлер ұйымдастыру және өткізу.
ON6 Оңтайлы бизнес-үдерістерді жобалау, жобаланған үдерістерді кәсіпорын стандарттарына түрлендіру, стандарттар талаптарына сәйкес бизнесті ұйымдастыру және стандарттардан ауытқуларды анықтау, логистикалық құрылымдардың инновациялық дамуына бағытталған жоба идеясын жасау және дәлелдеу.
ON7 Логистикалық жүйелерді моделдеу, көпритериалды оңтайландырудың міндеттері форматындағы жеткізу үдерістері мен тізбектерін моделдеу және логистикада мен жеткізу тізбектерін басқаруда қабылданатын шешімдердің нәтижелері мен салдарын болжау, материалдық ағындарды басқаруды функционалды үйлестіру тетігін әзірлеу.
ON8 Жеткізу тізбегіндегі бизнес-үдерістер мен ұсынылатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін, құрылымдық, құндық және динамикалық талдаудың әдістері мен бағдарламалық құралдары негізінде логистикалық бизнес-үдерістер реинжинирингінің мақсаттылығын бағалау, жеткізу тізбегін дамыту жоспарларын іске асыру тиімділігін, жеткізу тізбегіндегі логистикалық бизнес-үдерістер нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштерін, сыртқы ортаны бағалауды жүргізу, логистикалық тізбектің әртүрлі конфигурациялы логистикалық шығындарын бағалау.
ON9 Ғылым тарихы мен философиясы және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар саласындағы білімді пайдалана отырып, біртұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде өзіндік кешенді, соның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру, зерттеудің жаңа әдістерін және зерттеу міндеттерінің өзіндік бірегей шешімдерін әзірлеу және жеткізу тізбектерін басқару саласында өзіндік ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.
ON10 Ғылыми жобаны өз бетінше әзірлеу, оны гранттық қаржыландыру байқауына ұсыну және ғылыми жобаны басқару, тұрақты даму жобаларын ғылыми сараптау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау және логистикалық жүйелер мен жеткізу тізбектерінің тұрақты дамуын жобалауда жаңашылдықтар мен салдарды бағалау.
ON11 Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру үдерісі мен білім беру бағдарламаларын құрастыру, іске асыру және бағалау, оқытудағы өзіндік әдістемелер мен тәсілдерді жасау, пайдалану және ұсыну, ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерін реинжиниринг, логистикалық бизнес-үдерістерді жүйелі талдау және үлгілеу саласындағы оқыту және кәсіби білімнің заманауи жетістіктерін есепке алу негізінде білім беру және өзін-өзі білім беру процестеріне бейімдеу.
ON12 Кәсіби және ғылыми білімді жүйелеу, қолданбалы сипаттағы жаңа білімді генерациялау, кәсіби даму болжамын жоспарлау және құру, командада өзара іс-қимыл және көшбасшылық дағдыларын меңгеру, кәсіби қызметте бастамашылық және жауапкершілік көрсету, нөлдік емес импакт-факторы бар және Thomson Reuters немесе Scopus базасында рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген