Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D04202

Мамандығы:

Кеден ісі

Факультеті:

Заң

  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін докторанттар қабілетті болады:
1. Кедендік реттеу саласындағы халықаралық стандарттарды, заңнаманы іске асыру мәселелерін ғылыми зерттеу және ғылыми талдау жүргізуді ұйымдастыру. Интеграция жағдайында Қазақстанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеп, кеден салаларында нормативтік құжаттарды әзірлеп, ұлттық және халықаралық кедендік және басқа да заңнамаларға байланысты құқықтық жағдайларды шеше алуға.
2. Мемлекеттік кеден саясатын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру, мемлекеттік кіріс органдарының құрылымдық бөлімшелерін басқаруды жүзеге асыру, кеден қызметі саласындағы және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға.
3. Кедендік әкімшілендіру мен тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану тиімділігін талдау, кеден аясында мемлекеттік бақылау, мәжбірлеу, ынталандыру және т.б. шараларын қолданудың тиімділігін талдау, рәсімдерге өзгертулер енгізу немесе кедендік әкімшілендірудің жаңа шараларын енгізу қажеттілігін негіздеу, тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге бастама жасауға.
4. Кедендік қылмыстардың алдын алу шараларын жетілдіруге юайланысты ұсыныстар ды әзірлеп, негіздеу және қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық жағдайларды шешу, кедендік құқықбұзушылықтардың алдын алу мен әкімшілік жауапкершілікке тпрту мәселелерін талдау жасауды ұйымдастыру және оны жүргізе алу, кеденді бұзушылықтар үшін құқытық жауапкершылык аясында ғылыми зерттеулер жүргізуге.
5. Тауар номенклатурасын қалыптастыруға, СЭҚ ТН-на сәйкес тауарларды сипаттай алуға және тауарларлар кодын анықтауға, тауардың шыққан елінің әдіснамасын талдай алу және түсіндіре білу, кедендік төлемдер мен баждарды есептеуді қамтамасыз ету, кедендік әкімшілдендіру мен тиісті заңнаманың нәтижелеріне талдау мен мониторинг жасау, аталған аядағы мемлекеттік және халықаралық стандарттар мен басқа да нормаларды жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлей алуға.
6. Елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін талдау, Қазақстанның экономикалық дамуын болжау, сыртқы сауда, валюталық - несие және қаржы қызметіндегі Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау саясатын тұжырымдау, нормативтік құқықтық актілер жобалары мен бағдарламалық құжаттар жобасына өзіндік ұсыныстарды әзірлеу және негіздей білуге.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының дамуына халықаралық сауда аясында болып жатқан процесстерінің ықпал етуін болжау, Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, Қазақстан мен оның шаруашылық субъектілерінің халықаралық экономикалық және сауда ұйымдарында қатысуының шығындары мен артықшылықтарын болжау, ЕАЭО-дағы Қазақстанның мүдделерін қорғау, ЕАСО мен ДСҰ жағдайында кедендік және сауда саясатынқалыптастыру мен оны жүзеге асыру механизмі мәселелерін зерттеу, халықаралық соттарда субъектілердің мүдделерін білдіру, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы зерттеулерді жүзеге асыруға.
8. Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметінің тиімділігін талдау, олардың қызметін жетілдіруге байланысты ұсынымдарды әзірлеу және негіздеу, Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-на мүше-мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы өзара әрекеттесу жүйесін бағалау, кеден органдарында кадр саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру аясындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізуге.
9. Кеден органдарының құрылымдық бөлімшелерінде ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды қолдану, оларды пайдаланудың тиімділігін талдау, ақпараттық-аналитикалық жүйелер мен технологиялардың жұмысын жетілдіруге құқықтық қолдау көрсету, Интернет-технологияларды тиімді пайдалануды және халықаралық шарттарға сай, әртүрлі елдердің кеден органдарының арасында ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге.
10. Кедендік қызмет саласында ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, жүйелеу және байланыстыру, кәсіптік қызмет бойынша анықтамалық және аналитикалық шолулар дайындау, кеден саласындағы құжаттарды рәсімдеу, кеден імі саласындағы құжаттар айналымын жүргізу, кедендік құжатау мен құжаттар айнлымы аясындағы зерттеулерді жоспарлау жәнежүргізу.
11. Қазақстан Республикасының кеден органдарының, ЕАЭО және Дүниежүзілік кеден ұйымының органдарының нормативтік-құқықтық базасын түсіндіру және талдау, олардың өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету, кедендік реттеу бойынша келіссөздер жүргізу, халықаралық шарттар мен келісімдердің сақталуын және олардың орындалуын қамтамасыз етуді.
Ұсынылатын кеден қызметтерінің сапасын болжау және талдау, Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ғы кеден қызметтері нарығының тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстар әзірлеу, кеден қызметтерінің сапасын бағалаудың теориялық және әдіснамалық аспектілерін зерттеу, жұмыс сапасын сондай-ақ, ұйымдағы және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі психологиялық климаттың сақталуының мотивациялық механизмін қамтамасыз ету және қолдану, кедендік қызмет көрсетуді құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық тұрғыда жетілдіру саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізуге.
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген