Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07110

Мамандығы:

Робототехникалық жүйелер

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON 1 Жаңа модельдерді зерттеу және әзірлеу және жұмыс істеп тұрған роботтар мен робототехникалық жүйелерді жетілдіру мақсатында роботтарды, мехатрондық және робототехникалық жүйелерді әзірлеу және зерттеу саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені кешенді талдауды жүзеге асыру;
ON 2 Роботтардың, мехатрондық және робототехникалық жүйелердің техникалық сипаттамаларын сипаттау үшін қажетті физика-математикалық аспаптық-ғылыми аппараттарды меңгеру;
ON 3 Мехатрондық және робототехникалық жүйелердің механикалық, электрлік және электрондық тораптарының құрылмалық және жобалық құжаттамасын әзірлеу үшін робототехникалық жүйелердің құрылымы мен жобалаудың негізгі кезеңдерін негіздеу;
ON 4 Технологиялық үдерісті сақтай отырып, роботтар мен робототехникалық жүйелердің жобаланатын модульдерін жасау және жинау;
ON 5 Аналогтық және цифрлық электрондық құрылғылардың электр тізбектерінің қажетті есебін және роботтар мен робототехникалық жүйелердің құрылғыларын жобалауды техникалық тапсырмаға сәйкес орындау;
ON 6 Жаңа робототехникалық жүйелерді құрастыру немесе бар робототехникалық жүйелерді жаңғырту үшін роботтардың және робототехникалық жүйелердің механикалық тораптарының кинематикалық және беріктік есептерін жүргізу;
ON 7 Манипуляторлар мен роботтардың модульдерін модельдеу және жобалау кезінде заманауи компьютерлік жобалау жүйелерін қолдану;
ON 8 Роботтарды басқару және ақпаратты өңдеу үшін робототехникалық жүйеде заманауи бағдарламалар пакетін қолдану үрдісін сыни бағалау;
ON 9 Роботтардың макеттерін және робототехникалық жүйелерді жасау әдістерін меңгеру;
ON 10 Бағдарламалар мен әдістемелер бойынша роботтың тәжірибелік үлгісінің немесе робототехникалық жүйенің құрамдас бөліктеріне алдын ала сынақ жүргізуге қатысу;
ON 11 Зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, роботтар мен робототехникалық жүйелерді жобалау және модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын бағалау;
ON 12 Роботтар мен робототехникалық жүйелер өндірісіне зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге қатысу, командада жұмыс істеу, коммуникативті болу және жүйелі ойлау қабілеті болу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген