Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B06105

Мамандығы:

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Ақпараттық технологиялардың көмегімен өз бетінше білім алуға және практикалық тұрғыда жаңа білімдер мен дағдыларды қолдануға, ғылыми көзқарастарын кеңейту және тереңдету.
ON2 Техника мен технологиялардың әр түрлі салаларында болып жатқан процестер мен құбылыстарды сипаттаудағы математиканың рөлін білу; ғылымның әр түрлі салаларында фактілерді дәлелдеу процесінде математикалық модельдер негізінде компьютерлік модельдеудің рөлін, модельдерді өңдеу және болжау үшін есептеу ортасын пайдалану мүмкіндігін, ақпараттық технологиялар негізінде құрылатын қазіргі заманғы ақпараттық-басқару жүйелерін құру мәселелерін білу.
ON3 Іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу үшін математикалық анализ, алгебра, геометрия, дискретті математика, дифференциалдық теңдеулер, физика, механика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша іргелі білімді қолдану.
ON4 Объектілер мен құбылыстардың математикалық модельдерін әзірлеу және талдау; модельдерді зерттеудің аналитикалық, сандық, сандық-аналитикалық әдістерін қолдану; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы математикалық модельдерді зерттеу.
ON5 Өзекті өндірістік проблемаларды шешу үшін есептеуіш техника, жүйелік әкімшілендіру, компьютерлік желілер, операциялық жүйелер, қолданбалы және арнайы мамандандырылған бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану.
ON6 Бағдарламалауды, деректер құрылымын, алгоритмдерді және олардың күрделілігін, еңбек сыйымдылығын, сапасын, деректерді басқаруды қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін фундаменталды қағидаттарды қолдану.
ON7 Интеллектуалды талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, параллельді және үлестірілген есептеулердің технологияларын ресурстарды көп қажет ететін есептерді шешу үшін және үлкен деректерді өңдеу үшін қолдану.
ON8 Есептеу мәселелерін шешу және қосымшаларды әзірлеу үшін программалаудың әр түрлі тілдеріндегі мәліметтердің абстракциялы типтері мен математиканың құрылымы мен тілінің негізгі сипаттамалары ретінде абстракциялар мен индуктивті ойлауды тиімді пайдалану, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді жобалау.
ON9 Эксперименталды жолмен алынған деректер негізінде есептеу экспериментін жүргізу үшін бағдарламалар кешені түрінде тиімді сандық әдістер мен алгоритмдерді іске асыру және алынған нәтижелердің презентациясын ұсыну; кәсіби білім мен іскерлікті жетілдіру үшін кәсіби коммуникацияның түрлі құралдарын қолдану.
ON10 Математикалық модельдерді құру және оларды компьютерде зерттеу дағдыларын пайдалану, ғылыми мәселені шешуде қолданбалы аспектіні белгілеу, нәтижені сауатты көрсету және түсіндіру. Зерттелетін құбылыстың пәндік саласы терминдерінде көрсетілген нақты ұсыныстар түрінде жүргізілген физика-математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижесін беру.
ON11 Математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерін, компьютерлік графиканы, 2D және 3D модельдеу, визуализацияны қолдану, сондай-ақ ғылыми, қолданбалы, өндірістік және технологиялық мәселелерді шешу үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерін әзірлеу.
ON12 Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команда қызметін сын тұрғысынан бағалау, жолды белгілеу және өзін-өзі дамытуға, өз біліктілігін арттыруға арналған құралдарды таңдау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген