Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B05403

Мамандығы:

Механика

Факультеті:

Механика-математика

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін студенттер келесі құзіреттерге ие болады:
1. ОN1 негізгі математикалық пәндер бойынша, атап айтқанда - математикалық және тензорлық талдау, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, вариациялық есептеу, есептеу әдістері білімдерін көрсету;
2. ON2 механиканың негіздері бойынша, атап айтқанда теориялық механика, деформацияланатын қатты механика, тұтас орта механикасы, сұйық және газ механикасы, механизмдер, машиналар мен робототехникалық жүйелер механикасы бойынша іргелі білімдерін көрсету;
3. ОN3 компьютерлік сауаттылық, программалау негіздері, компьютерлік модельдеу негіздері бойынша негізгі білімдерін көрсету;
4. ON4 негізгі физикалық заңдардың мәнін, химия негіздерін түсіну және түсіндіру, сондай-ақ механиканың таңдалған бағыттарының біріне қатысты есептерді түсініп олардың шешу әдістерін таңдай білу;
5. ON5 механика есептерінің физикалық қойылымын тұжырымдап, соған сәйкес математикалық моделін таңдау;
6. ON6 механиканың мәселелерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістерін қолдану және механиканың нақты мәселелерін шешу үшін тиісті әдістерді (аналитикалық, сандық, эксперименталды) таңдау;
7. ON7 зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, моделдеу нәтижелерінің дәлдігін және дұрыстығын бағалау;
8. ON8 механиканың есептерін шешу үшін;компьютерлік бағдарламалар жасау, заманауи программаларды құру тілдерін және қолданбалы пакеттер программаларын қолдану
9. ON9 өткен әдістерді қолдана отырып, таңдап алынған тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, алынған нәтижелерді талдау және дәйекті тұжырымдар жасау;
10. ON10 студенттік ғылыми конференцияларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндау, ғылыми жобаларға қатысу;
11. ON11 – тілдік және лингвомәдениеттік білімдерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдары мен әдістерін пайдалана отырып кəсіби қызмет үшін қажетті ақпаратты табу жəне талдау;
12. ON12 денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін дағдылары мен қабілеттерін өмірде пайдалану, өз қабілеттерін және қасиеттерін жетілдіруді қажеттігін түсіну.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген