Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B05205

Мамандығы:

География

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесідей қабілеттерге ие болады:

ON1. Қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық даму заңдарын түсіну, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетіне ие болу, өз өмірлерінде өзін-өзі дамыту және білім алу дағдысын меңгеру;
ON2. Географиялық ғылымның қазіргі жағдайын, мәселелерін және болашағын бағалау;
ON3. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму мәселелерін шешу үшін географияның заманауи әдістерін қолдану;
ON4. Географиялық үдерістерді болжау үшін ГАЖ технологияларын қолдану арқылы географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдана білу;
ON5. Статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерді қолдана отырып жалпы географиялық, далалық зерттеулер жүргізу;
ON6. Экономиканың және халықтың кеңістіктік құрылымдарының қалыптасу заңдылықтарын талдау;
ON7. Әртүрлі деңгейдегі табиғи-экономикалық және аумақтық, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің, қоршаған орта мен халықтың өзара әрекеттесуін бағалау;
ON8. ГАЖ технологиялары мен жиналған геодеректер базасын қолдана отырып Қазақстан аймақтарының тақырыптық карталарын жасау;
ON9. Әлеуметтік-экономикалық, физика-географиялық және саяси процестердің ағымдағы жай-күйіне аналитикалық шолу жүргізу;
ON10. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылауға салып және өз көзқарасын негізді түрде қорғау;
ON11. Еңбек нарығының біліктілік талаптарын сақтау; Тапсырмаларға, проблемалық жағдайларға және т.б. байланысты нақты әрекеттерді орындауға қабілетті болу;
ON12. Жалпы білім беретін мектептерде географиялық пәндер циклі бойынша практикалық сабақтарды жүргізу, студенттердің өзіндік жұмысына кеңес беру, тәрбие жұмысын жүргізу, студенттердің мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізе алу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген