Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07304

Мамандығы:

Кадастр

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін студенттер:
ON1. Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптармен жұмыс істеу, жер-кадастрлық жұмыстарды деректермен қамтамасыз ету үшін геодезиялық өлшеулер мен түсірулер жүргізу;
ON2. Қазіргі жай-күйін талдау, проблемаларды анықтау және дамыған елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, жерді есепке алу мен бағалауды және жер учаскелерін тіркеуді жетілдіру жолдарын ұсыну;
ON3. ҚР жер қорын анықтау және оны ұтымды пайдалану үшін сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жылдық талдамалы есепті құру;
ON4. Ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйін зерделеу үшін оларды сапалы есепке алу үшін геоботаникалық, топырақтық және ландшафтық, мелиорациялық зерттеулер жүргізу, жер кадастры деректерінің дұрыстығын арттыру үшін топырақтың эрозиялық қауіпті және эрозияға ұшыраған топырақты зерттеу;
ON5. Мемлекеттік тіркеу мақсатында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды жүргізу;
ON6. Жер учаскелеріне және басқа да жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеуді, олармен операциялар мен мәмілелерді жүргізу; жер-кадастрлық құжаттарды ресімдеу;
ON7.Топырақты бағалау және жерді бағалау (кадастрлық, нарықтық, салық салу мақсаттары үшін және т. б.) бойынша жұмыстарды орындау және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер-бағалау және жер-тіркеу әрекеттерін орындау;
ON8. Жер жай-күйінің өзгерістерін анықтау үшін жер мониторингін жүргізу, оларды бағалау, болжау, теріс процестердің салдарларын болдырмау және жою, ұсынымдар әзірлеу;
ON9. Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау мақсатында жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу.
ON10. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу үшін жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды жасау және дайындау, сондай-ақ жүргізу технологиясын қолдану;
ON11. ГАЖ-технологияларды қолдана отырып, жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану, деректер базасын өзектендіру және электрондық үкіметтің жұмысын жетілдіру, ақпараттық ортада құзыретті болу, практикалық қызметті ұйымдастыра білу және басқарушылық шешімдер қабылдау.
ON12. Кадастрлық іс-әрекетте және аралас салаларда одан әрі жеке және кәсіби өсу траекториясын анықтау. Қарым-қатынас жасауға, қазақ және орыс тілдерінде іскерлік әңгімелер жүргізуге қабілетті болады деп күтілуде.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген