Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07303

Мамандығы:

Жерге орналастыру

Факультеті:

География және табиғатты пайдалану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Жер пайдаланудың планын, профильдерді, жерге орналастыру жобасының жоспарын, кадастрлық карталарды жасау, карталарды корректировкалау, жоба шешімдерін жер бетіне шығару, сызбаның толықтығы мен егжей-тегжейлігін бағалау үшін теодолиттермен, нивелирлермен, электронды тахеометрлермен және GPS геодезиялық өлшеулерді және түсірулерді жүргізуге;
ON2. жерге орналастыру мақсаттары үшін қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану, ғарыштық суреттерден материалдарды алу, ГАЖ технологиясын қолдану, суреттерді өлшеу және жердің моделін жасау арқылы топографиялық жоспарларды және жер пайдалануы жоспарларын жасауға;
ON 3. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін шешуге, ел экономикасының салалары арасында жерді оңтайлы бөлу үшін жерге орналастырудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар арқылы көп нұсқалы экономикалық негіздеуді қолдана отырып, жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге;
ON 4. Топырақтану және геоботаника деректерін, агрохимия негіздерін, жерді мелиорациялау, ландшафтану және бейімделген-ландшафтық жүйелер негіздерін пайдалану арқылы топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін арттыру және қоршаған ортаның экологиялық тұрақты ландшафтарын жасау жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге;
ON 5. ҚР жер ресурстарын тиімді және нәтижелі пайдалану мен басқару үшін жерге орналастырудың негізгі проблемаларын жерге орналастыру, жерді пайдалануды жоспарлау мен болжау, жерді мемлекеттік бақылау пәндері бойынша алған білімдерін пайдалану арқылы шешуге;
ON 6. Жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру мерзімін жеделдету, жерге орналастыру жұмыстарының тиімділігін арттыру; эрозия процестерінің дамуына, егістік алқаптардың нашарлауына байланысты шұғыл шараларды қабылдау; ауылшаруашылық өсімдіктерінің өсу процессін бақылауға және теріс процестерді алдын алуға және оларды жою бойынша шұғыл шараларды қабылдауға жерді қашықтықтан зондтау әдістерін, геоақпараттық технологияларды, космостық суреттерді, жерге орналастыруды жобалаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану арқылы жерге орналастыру процессін жетілдіруге;
ON 7. Жердің құнарлылығын сақтау және жетілдіру, жерді эрозиядан және шөлденуден қорғау бойынша жаңа ғылыми ақпараттарды қолдану арқылы жерді рекультивациялау және жақсарту, ауыл шаруашылық алқаптарды мелиорациялау жобаларын жасауға;
ON8. Жерге орналастыру, жерді пайдалануды жоспарлау және болжау, жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер қорын құру және жаңартуда жаңа әдістер мен технологияларды қолдану; әмбебап бағдарламалық пакеттерді, түрлі патенттік және әдеби көздерден алынған ақпараттарды, Интернет-ресурстарын, компьютерлік технологияларды, ГАЖ және жер кадастрының ААЖ қолдану.
ON9. Жер дауын шешуде құзыретті болуға, жерді пайдалану және қорғауды бақылау үшін, басқару және жер қатынастарын реттеу үшін жер туралы заңнаманың және юриспруденцияның, жер учаскелеріне жылжымайтын мүлік және табиғи ресурс ретінде қатысты, басқа бөлімдерін, жер Кодексін, Азаматтық және Қылмыстық заңдардың ережелерін қолдануға.
ON 10. Жер қатынастарының дамуын әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тарихи, саяси жағдайымен, Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық негіздерімен, жер заңнамасының негіздерімен салыстыруға және бағалауға.
ON 11. Бағалық аудандастыру және жерді бағалау үшін, жерге орналастыру жобаларын жасау үшін; елдің азықтық қауіпсіздігін сақтау үшін, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жердің тозуына байланысты уақытылы шаралар қабылдау үшін жер ресурстарының деректерінің дұрыстығы мен толықтығын талдауға және бағалауға;
ON 12. Өнеркәсіптік, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша, жер заңдары мен юриспруденция ережелерін сақтау бойынша өздерінің көзқарасын білдіруге; көпұлтты және мәдениеттері әртүрлі ұжымда жұмыс істеуге; салауатты өмір салты туралы әлеуметтік маңызды идеяларды қолдануға. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдануға.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген