Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B01101

Мамандығы:

Педагогика және психология

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
дүниежүзілік және еуразиялық тарихи үдерісте Қазақстан мемлекетінің үдемелі дамуының жаңа тарихи кезеңдерін көрсету; Қазақстан Республикасы - қалыптасқан мемлекет жолында дамудың қазақстандық үлгісінің жетістіктерін жалпылау үшін ғылыми-тарихи және философиялық білімдерді шығармашылық тұрғыда қолдану және еркін интерпретациялау;
2. ҚР білім беру саласында заңнамаларды, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі» туралы Заңдарды, Неке және отбасы туралы Кодексті және т.б.; педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика, білім берудің жалпы заңдылықтары туралы білімдерді қолдану; тәрбие теориясы және дидактиканың негізінде педагогикалық-психологиялық жағдаяттарды талдау; даму мен тәрбиенің, оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін, педагогика және психологияның ғылыми аппаратын игеру;
3. 12 жылдық білім беру жағдайында мектептегі педагогикалық үдерісті бағалау және талдау, жобалау және жүзеге асыру;
4. мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыру, педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің нәтижелерін болжау және диагностикалау, жоспарлау және ұйымдастыру; психологиялық тәжірибенің түрлі саласында педагогикалық-психологиялық диагностиканы ұйымдастыру, педагогикалық құжаттарды толтыру, әңгімелесу және бақылау әдістері, диагностикалық әдістемелер негізінде балаларды бірінші, екінші, үшінші реттік диагностикалау міндеттерін шешу;
5. түрлі жағдайларда балаларға психологиялық кеңес беру, жас деңгейіне сәйкес дамытудың қайнар көздерін іздеу және талдау, кәсіптік бағдар беру, даму міндеттерін шешуге бағытталған кеңес беру әдістерін қолдану, білім беру мекемесінде балаларға кеңес беру, алдын алу және баланың психологиялық дамуы бойынша тәжірибелі жұмыстарды ұйымдастыру;
6. өскелең ұрпақтың психологиялық, анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктерін айқындау; балалардың, жеткіншектер мен жастардың тұлғалық дамуының заңдылықтарын түсіну; балаларды дамытудың дербес бағдарламасын, жобалар, оқу-тәрбиелік іс-шаралардың жоспары мен олардың мектептерде, колледждерде, ЖОО-да психологиялық, педагогикалық-психологиялық қамтамасыз етілуін өңдеу және жүзеге асыру;
7. білім беру стратегияларын, оқыту, тәрбиелеу әдістері мен технологияларын өңдеу және жүзеге асыру, білім беруге жаңашылдық енгізу, қазіргі заманғы педагогикалық стратегиялар мен технологияларды игеру, оларды білім беру мекемесінің тұтас педагогикалық үдерісінде, білім беру мен дамудың жеке білім беру траекториясын жобалауда, әсіресе білім беруде ерекше қажеттілікке ие балалар үшін тиімді қолдану;
8. білім беруді сапалық бақылауды жүзеге асыру, сыни бағалау мен басқару технологияларын игеру, білім беру сапасын жүзеге асырудың құралдары мен әдістемелерін өңдеу;
9. білім беру саласында шағын зерттеулер жүргізу, зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру және педагогикалық-психологиялық зерттеулердің нәтижелерін бағалау және олардың тәжірибеде қолданылуы бойынша қорытындылар мен ұсыныстар даярлау;
10. түрлі жағдайларда, соның ішінде баланың дамуын түзету мен алдын алу бойынша педагог-психологтың отбасымен өзара әрекетін жобалау; ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізу, білім беру мекемесінде балаларға кеңес беру, девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мен алдын алу бойынша сапалы жұмыстарды ұйымдастыру;
11. білім беру саласындағы мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу, білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл білімдер мен технологиялар жүйесін, әдістерін белсенді қолдану, стандартты емес міндеттер қоя білу және оларды жалпы адами, өзіндік таным және халықтық педагогика құндылықтары негізінде шеше білу;
12. өзінің кәсіби қызметін қорытындылау, сыни ойлауға қабілетті болу, өзінің кәсіби деңгейін жүйелі арттыру, өз құзыреттілігінің шегін анықтау, әріптестерімен, аралас мамандықтардың қызметкерлерімен табысты қарым-қатынас орната білу, полилингвалды коммуникацияны жүзеге асыру;
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген