Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B04202

Мамандығы:

Мемлекеттік қызмет

Факультеті:

Заң

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - құқық бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - құқық бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON 1. - негізгі құқықтық мәні мен түсініктерін, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін түсіндіру; мемлекеттік органдар мен басқару ұйымдарын, қызметінің қағидаларын, сонымен оның даму тенденциясы мен заңдылықтарын;
- азамат пен адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жіктеу, мемлекеттің басқару объектілері мен субъектілерін, құқықтық қатынастар түрлерін ажырата білу, жауапкершілік шараларын анықтау;
- мемлекетте қызметте туындайтын азаматтық-құқықтық мәмілелерді, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды құқықтық реттеу саласындағы ғылыми және тәжірибелік проблемаларды түсіндіру;
- ҚР мемлекеттік құрылысының негіздерінің ерекшеліктерін сипаттау;
- мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың өзара байланысын және ерекшеліктерін, заң шығару процесінің сатыларын түсіндіру.
ON 2. - мемлекет пен құқықтың пайда болуының, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтау, мемлекет пен құқықтың ұғымдық-категориялық аппаратын, сайлау жүйесін, референдумды ұйымдастыру және өткізу принциптерін, ҚР-дағы жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерін түсіну;
- тарихтағы мемлекет және құқық туралы пікірлер мен идеялардың әр алуандылығын ұғыну, әлеуметтік өзара әрекеттіліктің саяси-құқықтық тәжірибесін және тұжырымдамалардың қазіргі заманғы аспектілерін түсіндіру, олардың пайда болуы мен дамуын болжау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерінің нысандары мен әдістерін, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы құқықтық талдау әдістемесін сипаттау;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іске асырудың, міндеттерді бөлуге сәйкес персоналды бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістемесін, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы құқықтық талдау әдістерін және т. б. қолдану және т. б.
ON 3. - атқарушы билік органдарының мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау;
- мемлекеттік қызметті реттеудің құқықтық негіздерін, мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату тәртібі сипаттау.
ON 4. - ұғымдық аппаратты пайдалану, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және процессуалдық нормаларды қолдану;
- әкімшілік және конституциялық өндірісті жүргізу, бұқаралық статистикалық деректерді жинау, өлшеу, мониторингілеу және оларға талдау жүргізу;
- мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу саласында процессуаллық әрекеттерді, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметінде мемлекеттік-құқықтық нормаларды қолдану;
- ҚР жаңа заңнамасын қолдану және іске асыру үшін нақты нормаларды, ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету әдістерін таңдау;
- халықаралық құқықтың жалпымен танылған нормаларын түсіндіру және қолдану;
- хаттамалар, шарттар, заң жобалары мен құқықтық актілердің жобаларын, сараптамалық қорытындылардың жобаларын жасау;
ON 5. - Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарын құру және олардың қызмет ету ерекшеліктерін, мемлекет қауіпсіздігіне ішкі саяси, сыртқы саяси және экономикалық факторлардың әсерін талдау;
- түрлі елдердің мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын салыстыру;
- Конституциялық Кеңесте конституциялық іс жүргізудің өзіндік ерекшеліктерін белгілеу.
ON 6. - әртүрлі елдерде конституциялық-әкімшілік, қылмыстық және азаматтық, еңбектік заңнаманың дамыуының оң және теріс жақтарын ажырату, саралау;
- Конституциялық Кеңеске, соттарға және басқа да мемлекеттік органдарға сараптамалық қорытындылар жасау кезінде өз көзқарасын негіздеу, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды бағалау;
- соттардың, конституциялық өндірістің, мемлекеттік және муниципалдық қызметтің, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі органдардың қызмет ету практикасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық-құқықтық тәжірибенің деректеріне қорытынды жасау;
ON 7. - әкімшілік-аумақтық бірліктердің ерекшеліктеріне қарай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың неғұрлым тиімді моделін, статистикалық деректерді зерттеу және өңдеу әдістерін таңдау;
- адам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты талдау;
- қаржы ұйымдары мен олардың клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында туындайтын құқықтық жағдайларды бағалау, түсіндіру және шешу;
ON 8. - қолданыстағы заңнаманың ережелерін талқылау және түсіндіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кодексіне сәйкес дұрыс мінез-құлық үлгісін таңдау;
- әлеуметтік маңызды проблемалар мен үдерістердге талдау жасау;
- қаржы қызметін мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын күрделі мәселелерді шешу және білімді интеграциялау;
ON 9. - дұрыс шешімді таңдау және заңға сәйкес заңи әрекеттер жасау;
- мемлекеттік билік пен басқару саласында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу;
- ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін әзірлеу бойынша, криминалистикалық және сот сараптамаларын ұйымдастыру мен қызметін жетілдіру бойынша жобаларды ұйымдастыру;
ON 10. - құқық қолдану тәжірибесінде және заңгердің кәсіби қызметінде маңызы бар конституциялық, әкімшілік құқықтық қатынастар саласындағы заңнама нормаларын бағалау;
- ҚР-да мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың дамуының негізгі үрдістерін және ҚР құқық қорғау органдарының қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарын болжау;
- Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның барлық институттарын жетілдірудің негізгі жолдарын, ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету тетігін дамытудың негізгі бағыттарын ұсыну
ON 11. - ҚР-ның қаржы заңнамасын дамыту мәселелерін шешудің тиімді жолдарын таңдау;
- жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ерекшеліктерін ескере отырып, шешімдерді әзірлеу процесін басқару;
- нормативтік актілердің құқықтық сараптамасын жасау, еңбек дауларын сараптауды және еңбек дауларын шешуді жүзеге асыру.
ON 12. - жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алуан түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер;
- дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарлану;
- тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін үш тілде байланысқа түсу; грамматикалық білім жүйесі негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды жүзеге асыру;
- философия негіздерін білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау; әлеуметтанудың, саясаттану мен мәдениеттанудың және психологияның базалық білімін ескере отырып, коммуникацияның әр түрлі салаларындағы жағдайларға баға беру;
- Қазақстанның қазіргі тарихында орын алып жатқан оқиғалардың себептері мен салдарларын талдау үшін сипаттама берудің әдістері мен тәсілдерін қолдану
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген