Масалимова Әлия Рымғазықызы

Масалимова Әлия Рымғазықызы


Факультета деканыфилософия ғылымдарының докторы, профессор

1994ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің түлегі.

1994-1998 жж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қазақ және шетел философиясының тарихы кафедрасының аспиранты.

1999ж. қаңтарда 24.00.01 Мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің мәселелері» атты тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады.

1999ж. қазақ және шетел философиясының тарихы кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды.

2002ж. қазақ және шетел философиясының тарихы кафедрасында доцент болып қызмет атқарды.

2000-2007жж. факультетте магистранттар жетекшісі болды.

2002-2004жж. оқу ісі жөніндегі декан орынбасары.

2005-2007жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және мәдениет тарихы кафедрасының Аға Ғылыми Қызметкері.

2008 ж. - 24.00.01 Мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша «Маргиналдылық мәдениеттанулық мәселе ретінде» атты тақырыбында докторлық диссертацияны қорғады.

2009ж. мәдени антропология кафедрасында профессор болып қызмет атқарды.

Масалимова А.Р 100-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Сонымен қатар, типтік бағдарламалардың авторы: «Мәдениеттану» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік құралы (2002ж.), «Мәдениеттану» мамандығы бойынша лекция курстары (2003ж.), «Мәдени антропология» бойынша оқу құралы (2006, 2007 жж.), «Мәдениеттегі маргиналдылық феномені» монографиясы (2007ж.), «Мамандыққа кіріспе» атты оқу құралы (2009ж.). «Философия» және «Мәдениеттану» оқулықтарының қосавторлық (2001-2004 жж. Ғабитов Т.Х жетекшілігімен жарық көрген), «Мәдени-философиялық сөздік» (2004ж., 2007ж.), ҚР-ның БҒМ ұсынуымен «Мәдениет және өркениет» оқулықтарының (2005ж.) авторы болып табылады.