Студенттік өмір

Студенттер өмірі

Факультетте студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған. Кітапхана оқу пәндері бойынша оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми еңбектер, әдістемелік кеңестер, нұсқаулармен жеткілікгі дәрежеде қамтамасыз етілген.

Университет пен факультеттің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан, талантты студенттердің шығармаларын баспасөз, радио, теледидар арқылы жариялауға жағдай жасайды. «Түркі жазуының мейрамы», «Славян жазуының мейрамы» секілді студенттердің мәдени-ағарту үйірмелері жұмыс істейді.

Студенттердің өмірін қызықты өткізуіне факультетімізде мүмкіндік өте мол. Ұлттық және қазіргі заманғы би үлгілері мен әуендерін, халық әнін үйрететін үйірме, әдеби-көркем студия, поэзия жанкүйерлері клубтары, "Логос", "Әдеби жүздесулер", "Түлек", "Ай-АРУ","Жәдігер" атты әдеби-ғылыми клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Факультеттегі студенттік өмір

Факультеттік студенттік іс-шаралар 1-ші курс студенттері үшін 1 қыркүйекте – студенттерді студенттік қатарға қабылдаудан басталады .

Факультет, университет жатақханаларында, еліміздің айырықша күндеріне арналған, мейрамдарға арналған іс-шаралар әрқашанда өтеді. Студенттер студенттің өзін басқаруға қатысады.

Жыл сайын шахмат, футбол, волейбол, теннис, веложүгіру және т.с.с бойынша спартакиадалар өтеді.

Факультетте әрқашанда шығармашылық іс-шаралар өткізіледі - байқаулар, олимпиадалар, турнирлер және т.б.

Кафедра оқытушыларының оқушылармен кездесуі

студенттер өмірі студенттер өмірі

Студенттердің жаңа оқу жылын атап өтуі

Студенттердің 8 наурызбен құттықтауы

Студенттердің Талдықорған қаласында өткен ЖОО аралық олимпиадасынан

Ашық куратор сабағы