Оқиғалар күнтізбесі

 Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Ресейдің Мәскеу қаласында өткен Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтында 2018 жылдың 17 ақпанында «Ономастика мәдениетаралық байланыстар мен араласудың көрінісі ретінде» конференциясына қатысты. 

 

2017 жылдың 21 қазанында жыл сайынғы қалалық сенбілік өткізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультеті мен Жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасы белсенді түрде қатысты.

Ардагерлер үйіндегі сенбілік

2014 жылдың 5 қарашасында Ардагерлер үйіне «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы бойынша жалпы тіл білімі және шетел филологиясы жанынан құрылған «Мұрагерлер» еріктілер қозғалыс жетекшілері мен мүшелерінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті.

Сенбілікті «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс, қазақ бөлімінің студенттері: Душаева К., Абдуллаева Ф., Малшы М., Мурат А., Нұрақын А., Тұрсынәлі М., Назар Г., Құршида Н., Серікбаева А., Контек А., Нысанбай Н., Румханов М., Айтбай Е., т.б. «Ардагерлер үйінің» ішін тазалап, терезелерін жуып, қарттардың бөлмелеріне сенбілік жүргізіп, алғысқа бөленді.

Ұйымдастырушылар – «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доценттер П.Т.Медетбекова, Ж.М.Уматова.

 

“ Elsevier деректер базасы. Іздеудің тиімді мүмкіндіктері” атты дөңгелек үстел

2014 жылдың 16 мамыр күні сағат 11.00 Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушылары Искакова Гүлназ Нұрділдақызы және Күзембекова Жанна Жалайырқызының ұйымдастыруымен “Elsevier деректер базасы. Іздеудің тиімді мүмкіндіктері” тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Олар докторанттар, магистранттар және студенттерге Elsevier компаниясы, SciVerse Science Direct, SciVerse Scopus платформаларындғы іздеу мүмкіндіктері, сонымен қатар SJR және SNIP секілді импакт-фактордың әртүрлі метрикаларының ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы дөңгелек үстелге қатысушыларға танытқан қызығушылықтары үшін алғыс білдіреді. Семинардан соң докторанттар мен кафедра оқытушылары семинарға қатысқаны туралы сертификаттар алды.

«Ономастика – Қоғам – Уақыт»

2014 жылдың 16-сәуірінде Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты студенттердің І Республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Конференция қонақтары өзге ЖОО-ның студенттерінен және университетіміздің география және табиғатты пайдалану факультеті мен механика-математика факультетінің студенттеріның қатысуымен өтті. Жалпы конференцияға 20 аса студенттердің қатысымен өтті. Конференцияны факультет деканы, профессор Қ. Әбдезұлы ашты. Содан әрі конференция қонақтары қатысушы студенттердің жетекшілерінің тілектерімен жалғасын тапты. География және табиғатты пайдалану факультетінің доценті, гоеграфия ғ.к. Сағымбай Өкетай өз тілегін білдірді. Сонымен қатар баяндамашы студенттер 3 секция бойынша баяндама жасап қатысушылар да ең үздік баяндама жасаған студенттер де марапатталды. Атап өтсек: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері және механика-математика факультеті мен факультетіміздің «Шетел филологиясы» және «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттері ең үздік баяндамалары үшін марапатталды.

Конференцияны ұйымдастырушылар және клуб жетекшілері – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.

Жиынға С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰУ доценті, филол.ғ.к. Т. Зайсанбаев, «Қазақ филологиясы» мамандығының 1, 2, 4 курс студенттері мен кафедра оқытушылар: Ибраева Ж.Қ., Мәмбетова М.Қ. Бектемірова С.Б., С.А. Сулейманова, және т.б. қатысты

Кафедра ұжымы жалпықалалық сенбілікте

2014 жылдың 12 сәуір күні жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы жалпықалалық сенбілікке жұмыла кірісті. Сенбілікте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері ҚазҰУ қалашығын қыстан қалған қоқыстан тазартып, қалашықты одан әрі көріетендіре түсті.

Білімділер додасы - "Үздік лингвист-2014"

Еліміздің білім беру саласындағы 4 бірдей үздік Жоғары оқу орындары сайысқа қатысуға білдірілген ұсынысты қабылдап, қарашаңырақ ҚазҰУ-дың қуанышын бірге бөлісуге ниет білдірді. Олар қазақтың тұңғыш Жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ, 70 жылдық тарихы бар педагог мамандарды жетік түрде дайындайтын бірден-бір оқу ордасы ҚазМҚПУ, Халықаралық деңгейде білім беру үлгісі озық білім ордасы С. Демирел университеті, Халықаралық дәрежедегі құзіретті мамандарды даярлайтын жетекші университеттердің бірі де бірегейі Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, және де «Үздік лингвист» байқауын ұйымдастырып, еліміздің оқу орындарының басын қосып отырған білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Дүйім жұрттың көз алдында білім додасына түсіп, өзінің танымдық өресін, рухани жан-дүниесінің байлығын сарапқа салу кез келген адамның қолынан келе бермесі хақ. Бұл додаға қатысуға бел буған терең білімді, дүниетанымы кең, білімнің қайнар бұлағынан терең сусындаған, жүректі жастар, әрине құрметке лайық. «Үздік лингвист – 2014» зияткерлік сайысына алдын-ала іріктеу өткізіліп, әр университеттен 3 адамнан 15 үміткер қатарларынан оқ бойы озып шықты.

Сайыс шарты бойынша тіл білімі аясында білім алып жүрген 3 курс студенттері қатысады. «Үздік лингвист – 2014» байқауы кафедраның «Жас лингвисттер» клубының аясында ұйымдастырылды, ұйымдастырушы координаторлар клуб жетекшілері ф.ғ.д., профессор Ж.Қ. Ибраева мен ф.ғ.к., доцент М.Қ. Мәмбетова және оқытушы Г.Ә. Бөрібаева мен«Лингвистика» мамандығының І курс магистранттары. Сайыс соңы көңілді кешке ұласты, олай дейтініміздің себебі, сайыс қорытындылары шыққанша бірнеше көңілді өлеңдер мен ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған би тамашаланды. Сайысты бастан аяқ жүргізген факультеттің 2 курс студенті «Жігіт сұлтаны 2013» байқауының лауреаты А. Мырзабек пен факультетіміздің 4 курс студенті, Қазақ радиосының дикторы Д. Ермекжан. Кеш соңында университетіміздің талантты әншілері, бүгінде талай ән бәйгесінің биігінен көрініп жүрген DestLIFE тобының жігіттері мен болашақ қазақ эстрадасының жұлдыздары Ж. Верещак, Ж. Мұзбаеваның орындауындағы ҚазҰУ әнұранымен аяқталды.

Студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру басты назарда

18 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел тілі кафедрасы «Professionals» ғылыми клубының ұйымдастыруымен «Инновация – білім жүйесінде» атты тақырыпта ғылыми дөңгелек үстел өткізді. Студенттер маңызды тақырыпта өздерінің презентацияларын жасап, қызықты додаға қатысты. 3 курс студенті Тюлюбаева Айша Астана қаласында өткен халықаралық студенттер конференциясында “Creation of blogs in help of foreign language teaching” тақырыпта қатысып, жүлделі орын иеленді. Клуб жетекшілері мен кафедра оқытушылары және 1-3 курс студенттері дөңгелек үстел аясында пікір алмасып, алдағы уақытта көп ізденіс керектігін, жастар жаңа жобаларды қолға алатындарын айтты.

Кафедраның ашық есік күні

27.02.2014 жылы №17 студенттер үйiнің акт залында сағат 18.00-де жалпы тiл бiлiмi және шетел филологиясы кафедрасының ашық есік күні өткізілді. Алдымен сөзді кафедра меңгерушiсi ф.ғ.д., профессор Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы бастап ашып, Түркия елінен келген қонақ ТОББ экономика және техника университетi Түрiк тiлi және әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi Эйюп Баджанлы бейді таныстырып өтті. Кафедра оқытушыларының кафедра тарихына тереңірек тоқталып, содан кейін кафедраның ғылыми бағыттары, оқу-әдістемелік, тәрбиелік жұмыстары жайында қысқаша ақпараттар беріліп өтті. Студенттердің элективті пән мен ғылыми жұмыстар жайында мәліметтер қызықтырып, осыған байланысты сұрақтарды қойды. Түркиядан келген қонақ Эйюп Баджанлымен де студенттер қызықты сұхбат құрды.