Ғылыми жобалар мен зерттеулер

Кафедра тарих саласындағы философия докторларын данйыдау бойынша эксперименттік бағдарлама шеңберінде Германиядан танымал ғалым профессорлар шақырылады: Тюбинген университетінің тарих-философия факультетінің деканы профессор М. Майер – 2007 ж. қарашасында, Бремен университетінің профессоры Т. Шмитт - 2008 ж. ақпанында. Олар тарих факультетінің магистранттары және докторанттарымен қызықты кездесулер өткізіп, бірқатар лекциялар оқыды. Профессор М. Майер жыл сайынғы Бекмаханов оқуларына қатысты және пленарлық баяндамамен сөз сөйледі. Профессор Т. Шмитт сол уақыттағы дүние жүзі тарихы кафедрасымен ұйымдастырлған оның меңгерушісі профессор Қ.Т. Жұмағұловтың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған халықаралық ғылыми конференцияның пленарлық жиналысында баяндамамен сөз сөйледі. Өткен 2010-2011 оқу жылдары Тюбинген университетінің құрметті ғалым профессорлары М.Майер мен К. Гества шақырылды. Олар докторанттарда лекциялар оқумен қатар, тарихи факультетінде және жалпы алғанда университет ауқымында өткізілген басқа да іс-шараларға қатысты: факультеттегі халықаралық конференция, «ҚР-ның жоғарғы оқу орындары білім алушыларының академиялық мобилділігі тұжырымдамасын» талқылау бойынша республикалық семинар. Олар мазмұнды лекциялар оқып, қызықты кездесулер өткізді. Германия профессорларының кафедраның ғылыми жобалары мен біріккен ғылыми жоспарларда қатысуы ойластырылуда.

Тюбинген университетінің профессорлары М. Майер мен К. Гества тарихы, археология мен этнология кафедрасының оқытушылары, студенттері, магистранттары және докотранттарымен кездесуде.

2008 жылы сол уақыттағы Дүние жүзі тарихы кафедрасы оның меңгерушісі Қ. Жұмағұловтың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған «» халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға 100-де наса баяндамалар ұсынылып, олардың қатарында алыс шет мемлекеттердің Майер М. (Тюбинген университеті) «Neuere Forschungen zum Ostromischen Reich und zur Spaetanike», Германиядан Кох А. (Тарих музеяның директоры, Пфальц) «Europa und Hunnenzeit», Италиядан проф. Умберто Роберто (Ла Сапиенза университеті) «I Goti nella Historia Chronike di Giovanni di Antiochia» сияқты баяндамалар оқылды. Жақын шет мемлекеттердің қатысушылары ретінде танымал медиевист проф. Сванидзе А.А. «Деревенские ремесла в германских землях к концу средневековья» (РҒА, Мәскеу), Т. Омурбеков басқаруымен Қырғызстаннан (Ж. Баласагын ат. Қырғыз Ұлттық Университеті) белгілі ғалымдарының баяндамалары и ряд Конференцияның жұмысында Қазақстан университеттерінен Х. Досмухамедов ат. Атырау Университетінің, Қ. Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің, ҚазМемЖенПИ, Абая ат. ҚазҰПУ-дың, Абылайхан ат. ҚазХҚӘТУ-дың, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академиясы, Д. Қонаев ат. Гуманитарлық Университетің, «алаш» ғылыми-зерттеу орталығының және т.б қатысты.

2009 ж. дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары ҚР БжҒМ-нің фундаменталдық зерттеулер бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алды: «6.1. Шығыс пен Батыс өркениеттерінің өзара әрекеттестігі жүйесіндегі Қазақстан: саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени үрдістер мен келешегі». Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу тобы «Азия мен Еуропа тарихының интеграция мен модернизация жағдайындағы тұжырымдамалық мәселелері» жұмысын жүргізеді.

Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңейтілген отырыс хаттамасын орындау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің шешіміне сай «Дүниежүзі тарихын зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы құрылады (2013 жыл, 24 шілдедегі №12 хаттама). Орталықты Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, Қ.Т. Жұмағұлов басқарады. Орталықтың мақсаты: әлем тарихының дамуын заманауи әдістемелік парадигмалар мен әдістердің негізінде зерттеу; әлемдік тарихи үдерісте түрік дүниесі мен Қазақстанның орны мен ролін көрсету.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қолдауға ие фундаменталды жобалар жүргізілуде: «Интеграция және модернизация жағдайындағы Азия және Еуропа тарихының концептуалды мәселелері», «Шығыс және Батыс тарихындағы социум және саясат жаһандану жағдайындағы Қазақстанның даму тәжірибесі ретінде» (2011 ж.), «Еуразия тарихындағы ислам және христиан діндері» (2012 ж.), 2013 жылы кафедра «Батыс деректеріндегі түрік дүниесі және Қазақстан тарихы» мәселесі бойынша грант ұтып алды (жобалар жетекшісі т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов), «Аудиовизуалды құжаттар Қазақстан Республикасы тарихының дереккөзі ретінде (1991-2011 жж.)». Профессор Қ.Т. Жұмағұловтың бастамасымен көтерілген, түрік халықтары мен Қазақстан тарихына тікелей қатысты, Еуразия және Еуропадағы ғұндар мен аварлар тарихының мәселелері ерекше маңызға ие.