Ғылыми бағыттар

1991 жылдан бастап, жалпы тарих саласында маман даярлау аясында АҚШ, Швейцария, Дания, Австрия, ГФР ғылыми орталықтары және бірқатар университеттерімен ғылыми, әріптестік байланыс орнаған. Познань және Варшава (Польша Республикасы) университеттерімен ынтымақтастық жасалған. АҚШ (АҚШ ақпарат агенттігі), Канада, Франция, Германия, Жапония, Иран, Польша сияқты және өзге де алыс шетелдердің елшіліктерімен тұрақты байланыс орнаған. Қазақстандағы Сорос қоры, БҰҰ мен ЮНЕСКО арнаулы бөлімдері, Эберт қоры, ДААД, Британдық Кеңес секілді халықаралық білім беру және ғылыми орталықтарымен де ынтымақтастық түзеліп келеді.

1997 жылдан бастап сол уақыттағы ерте дүние және орта ғасырлар тарихы кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Батыс және Шығыстың ерте дүние және орта ғасырлардағы тарихы мен тарихнамасының мәселелері» атты ортақ тақырыпта жүргізіліп келді.

2009 ж. дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары ҚР БжҒМ-нің фундаменталдық зерттеулер бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алды: «6.1. Шығыс пен Батыс өркениеттерінің өзара әрекеттестігі жүйесіндегі Қазақстан: саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени үрдістер мен келешегі». Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу тобы «Азия мен Еуропа тарихының интеграция мен модернизация жағдайындағы тұжырымдамалық мәселелері» жұмысын жүргізеді.

Профессор Қ.Т. Жұмағұлов - қазақтан шыққан алғашқы тарихшы-медиевист. Бірнеше шет тілдерін меңгерген. Тарихшы ғалым, әлемдік тарихтың маманы ретінде, профессор Қ.Т.Жұмағұловты тек Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет елде де біледі. Ол Қазақстанның тарих ғылымының дамуына өзінің сүбелі үлесін қосты. Ол алғаш болып Еуропа мен Еуразия елдерінде феодализмнің пайда болып, дамуы тарихын зерттеуде жаңа методология мен методика ұсынды. Ол ерте орта ғасырлар дәуірінде герман халықтарында орын алған феодализм генезисінің теориялық аспектілерін зерттеді, шет тілдеріндегі нарративті деректер, археология, этнология, антропология, сондай-ақ бірқатар жаратылыстану және пәнаралық зерттеу материалдары негізінде бұл мәселелерге кеңінен талдау жасады.

Профессор Қ.Т.Жұмағұлов көтерген түркі халықтарының және Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар ғұндардың Еуразия мен Еуропадағы тарихының мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Оның пікірі бойынша, бұл тарих соғыстар мен миграциялар тарихы ғана емес, сонымен бірге Шығыс пен Батыстың көпқырлы өзара ықпалдастығының, дәстүрлер мен мәдениеттер синтезінің үлгісі болды, дәл осы синтез орта ғасырлар дәуіріне өтуде сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық-мәдени қатынастардың қалыптасуында маңызды салдарларға алып келді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тажиннің басшылығымен өткен ведомство аралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының шешімі бойынша, Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеуде, біздің универстетіміздің шеңберінен алғаш рет Дүние жүзі тарихын зерттеу республикалық орталығы ашылды. Орталықтың бағдарламасын құрушы және директоры т.ғ.д., профессор ҚТ.Т Жұмағұлов. Орталық әлем тарихын зерттеуде, заманауи методологиялық парадигмамен айналысады. Негізгі міндеттері: Заманауи жаһандану жағдайындағы Батыс пен Шығыс елдерінің негізгі стратегиялық бағыты мен дамуындағы өзара қатынастарын анықтау; Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның Еуразия өркениетіндегі тарихи-мәдени жағдайын зерттеу; заманауи ғылым бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстардың жүргізілуі; елімізден немесе шетелден фундаменталды және қолданбалы зерттулер жүргізуге грант ұтып алу мақсатында байқауларға қатысу.

Проф. Қ.Т. Жұмағұлов «ЖОО-ның үздік оқытушысы» Республикалық конкурсының жеңімпазы ретінде, 2007 ж. Сапиенза университетіндегі ежелгі латын тіліндегі мәтіндерінің көшірмесі бар интерьердің алдында Проф. Қ.Т. Жұмағұлов ғұндар тарихы, Аттила тұлғасын зерттеуші медиевист ғалым ретінде, 2007 ж. шілдесі