Ғылыми жобалар мен зерттеулер

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы «Шетел мемлекеттерінің ерте, орта ғасырлық, жаңа және қазіргі тарихының өзекті мәселелері» бойынша ортақ тақырыпта жүргізіледі. Кафедра б.з. IV-V ғғ. халықтардың Ұлы Қоныс аударуы кезеңінен бастап Батыс пен Шығыстың тарихи байланыстары мәселесін талдау жоспарында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Ерекше назар Еуропа мен Еуразиядағы ғұн державасының тарихына, еуразияшылдық мәселелеріне, сонымен қатар, Орталық пен оңтүстік-шығыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік-саяси үдерістерге, қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің әлеуметтік-саяси тарихына бөлінеді. Ерте кезең мен орта ғасырларды зерттегенде латын тіліндегі деректер ғылыми айналымға енгізілді, археология, этнология, лингвистика, антропологияның қазіргі мәліметтері, пәнаралық зерттеу мәліметтері пайдаланылды. Аймақ елдерінің әлеуметтік-саяси тарихы мәселелерін талдауда мұрағаттық пен статистикалық деректер, халықаралық ұйымдардың мәліметтері және т.б. пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстанның тарихнамасы мен деректануы, кітапхана ісінің теориялық қырлары мен жаңа жұмыс істеу тәсілдері тереңінен зерттелуде.

ҚР дүние жүзі тарихы бойынша біліктілігі жоғарғы маман даярлаудың бірден бір орталығы саналатын кафедра, Қазақстанның бірқатар университеттеріне (Еуразия, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Семей, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Орал, Павлодар және өзге де басқа университеттерге) ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетті. Профессор Қ.Т.Жұмағұловтың ғылымдағы жетістіктері бірнеше рет халықаралық гранттармен бағаланды. 1997, 1999 жылдары ГФР шақыруы бойынша ─ Георг Август атындағы Геттинген университетінде профессор қызметін атқара жүріп, «дүние жүзі тарихындағы Батыс және Шығыс» мәселелеріне топтастырылған дәрістер мен баяндамалар оқиды. 2003-2004 оқу жылында Германияның Билефельд, 2007/08 Тюбинген, 2009-2012 жж. Вестфаль Вильгельм университеттерінің шақыртуымен жұмыс жүргізген профессор ретінде, «дүние жүзі тарихындағы Батыс және Шығыс интергациясы» мәселелері бойынша дәрістер циклын оқыды.

Проф. Қ.Т. Жұмагұлов Тюбинген университетінің профессорлары, магистрлері, студенттері мен ерте және орта ғасырлық археология Институтының ғылыми қызметкерлері алдында лекция оқу үстінде. Германия, 2007 ж. 12 шілдесі.

2009 ж. дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары ҚР БжҒМ-нің фундаменталдық зерттеулер бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алды: «6.1. Шығыс пен Батыс өркениеттерінің өзара әрекеттестігі жүйесіндегі Қазақстан: саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени үрдістер мен келешегі». Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу тобы «Азия мен Еуропа тарихының интеграция мен модернизация жағдайындағы тұжырымдамалық мәселелері» жұмысын жүргізеді.

2005 жылдан кафедра профессоры Көкебаева Г.К. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР-ның Мәдениет Министрлігінің мұрағаттары мен ақпарат Комитетімен жүргізілген мұрағаттық-ізденістік жұмыста және шет мемлекеттердің мұрағаттарынан мәліметтердің каталогын құрастыруда қатысты. 2008 жылғы ғылыми тәжірибе профессор Г.Көкебаеваның Германия мен Польша мұрағаттарынан жинақталған мәліметтер каталогын дайындауда, сонымен қатар Түркістан тарихына арналған жинаққа мақаланы жазуында көрініс тапты. Кафедра доценттері Хабижанова Г.Б., Шамшиденова Ф.М. «Мәдени мұра», «Ұлттық идея» бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысады.

Проф. Берндт Бонвеч –Герман тарихи институтының директоры мен Көкебаева Г.К. – т.ғ.д., әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры. 2003 ж, қыркүйек.

Профессор Г.К. Көкебаева Польшаның Ғылым Академиясының Саяси зерттеулер Институтының директоры В. Матерский және профессор Р. Зелиховскиймен бірге. 2011 ж. 2011 ж. шілдесі.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қолдауға ие фундаменталды жобалар жүргізілуде: «Интеграция және модернизация жағдайындағы Азия және Еуропа тарихының концептуалды мәселелері», «Шығыс және Батыс тарихындағы социум және саясат жаһандану жағдайындағы Қазақстанның даму тәжірибесі ретінде» (2011 ж.), «Еуразия тарихындағы ислам және христиан діндері» (2012 ж.), 2013 жылы кафедра «Батыс деректеріндегі түрік дүниесі және Қазақстан тарихы» мәселесі бойынша грант ұтып алды (жобалар жетекшісі т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов), «Аудиовизуалды құжаттар Қазақстан Республикасы тарихының дереккөзі ретінде (1991-2011 жж.)». Профессор Қ.Т. Жұмағұловтың бастамасымен көтерілген, түрік халықтары мен Қазақстан тарихына тікелей қатысты, Еуразия және Еуропадағы ғұндар мен аварлар тарихының мәселелері ерекше маңызға ие.

Бүгінгі күннің сұранысына сай Қазақстан Республиксы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы жаңа талаптарды алдыға қойды. Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңейтілген отырыс хаттамасын орындау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің шешіміне сай «Дүниежүзі тарихын зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы құрылады (2013 жыл, 24 шілдедегі №12 хаттама). Орталықты Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, Қ.Т. Жұмағұлов басқарады. Орталықтың мақсаты: әлем тарихының дамуын заманауи әдістемелік парадигмалар мен әдістердің негізінде зерттеу; әлемдік тарихи үдерісте түрік дүниесі мен Қазақстанның орны мен ролін көрсету.

Алдыға қойған мақсаттарды орындау үшін орталық жұмысы 5 сектор бойынша жүргізіледі:

  • Ø Қазіргі заманғы өзекті мәселелер аясында еуразияшылдықтың тарихи тамырын тарих ғылымындағы жаңа әдістемелік тұрғыдан зерттеу;
  • Ø Алтын Орда, оның ішкі және халықаралық жағдайы: ХХІ ғасыр тұрғысынан көзқарас;
  • Ø Түрік дүниесінің мәдени-гуманитарлық интеграциясы (ортағасырлар, жаңа және қазіргі заман);
  • Ø Қазіргі заманғы жаһандану мен интеграция жағдайындағы әлем қауымдастығы және Қазақстан;
  • Ø Орталық Азия тарихындағы жаңа парадигмалар мен тұжырымдамалар (деректанулық және тарихнамалық аспектілер).

Дүниежүзі тарихын зерттеу орталығы ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жылы

Жұмыстың атауы

Күтілетін нәтижелер

Қорытынды

2014 жыл

Алыс шетелдер және Қазақстан кітапханаларынан, архивтерінен еуропа және шығыс тілдеріндегі деректер жинақтау; Шығыс пен Батыстағы өзекті тарихи мәселелерді талдау; ғылыми нәтижелер мен қорытындыларды оқу үрдісіне қосу.

түрік-ғұндардың тарихын зерттеу, олардың Еуразия өркениетіндегі орнын айқындау, еуропалық және Еуразилық тарихтағы Аттиланың рөлін көрсету

алынған мәліметтерді сайтқа енгізу; мақалаларды БАҚ шығару, баяндамамен конференцияларда, телевидениеде сөйлеу, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарын шығару

2015 жыл

Жинақталған материалдардың құрамын талдау; жыл сайынғы ғылыми мәліметтер жинағын және ғылыми мақалаларды, мәліметтерлді «Дүниежүзі тарихы және түркі әлемі бойынша өзекті мәселелер» атты тақырыпта жинақтау.

Түркі әлемі мен Еуропаның өзара ықпалдасуын сараптау; Еуразия тарихындағы Алтын Орданың рөлән көрсету, халықаралық конференция өткізу.

«Халық тарих толқынында» бағдарламасы бойынша мақалалар шығару; қоу құралдарын, элективті курстар бойынша материалдар шығару

2016 жыл

Қазақстандық қоғамның өзіндік даму жолы және болашағын айқындау мақсатында еуропалық модернизация мен интеграцияның шетелдік тәжірибесін жүйелеу; тарихи үрдіс ғылыми теориясын зерттеу және қазіргі заманғы бағытының тәжірибесін енгізу, онтологиялық, гносеологиялық және методологиялық алғышарттарын, тарихи үрдістің ғылыми тұжырымдарывның пайда болуын зерттеу.

Қазақстан-2050 бойынша жаңа батыстық мұрағаттық мәліметтерді енгізу, Шығыс пен Батыс мемлекеттерінің өзара қатынасының стратегиялық бағытын айқындау. ХХI ғ. Еуропалық зерттеушілер мектебі өкілдерінің құнды жетістіктерін қолдану.

Ғылыми айналымға басып шығарылмаған мұрағаттық деректерді енгізу, болашақты болжайтын, қазіргі нақытлайтын, әлем, қоғам, тарих туралы терең философиялық ғылыми тұжырымдар қалыптастыру. Монография шығару.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессорлары Мәшімбаев С.М., Атабаев Қ.М., Көкебаева Г.К., Төлебаев Т.Ә., Мухатова О.Х., Асылбекова Ж.М. және доценттері Р.С. Мырзабекова, Ф.М. Шамшиденова, Е.Т. Қартабаева, Ф.Н. Мийманбаева, Г.С. Беделова, Алпысбаева Н.К., Сабденова Г.Е., Жакупова Г.Т., Т.Н. Мұхажанова, Р.О. Садықовалар алыс (Германия, Англия, Венгрия, Түркия т.б.) және жақын шетелдер университеттерімен (Ресей, РҒА, ММУ, СПМУ, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан) дәстүрлі байланыс орнатқан.