Жалпы мәліметтер

Кафедра жинақтаушы әдіснамалық сипаты бар, лингвистикалық ойлауды, тіл және тіл ұқсастықтарын, тіл және тілдік қатынасты, тілдің коммуникативтік тиімділігін, тілдің және оның бірліктерінің семиологиялық сипатын қалыптастыруға арналған және т.б. тіл теориясының әр түрлі бөлімдерін оқытуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар кафедра филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің барлық мамандықтарына арналған жалпы лингвистикалық курстарды оқытуды, сондай-ақ биология және биотехнология факультетінде латын тілін жүргізуді қамтамасыз етеді.

Тіл теориясының әдіснамалық сипаты кафедраның оқытушы-профессорлар құрамының зерттеу мәселелері аясын ғана емес, жалпы және арнайы пәндердің корпусы мен мазмұнын да айқындады, олардың номенклатурасы факультетте «Лингвистика», «Қолданбалы лингвистика» секілді жаңа мамандықтарының ашылуына байланысты айтарлықтай өсті.

Кафедра ұжымы оқытылатын курстарды ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Республиканың жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарламалары, филология және шығыстану факультеттерінің барлық мамандықтарына аралған әдістемелік оқу құралдары жасалды:


Көне түркі, араб, латын графикасы (А.С.Аманжолов, 1980); Тіл біліміне кіріспе курсының бағдарламасы (А.С.Аманжолов, 1982; 1990); Жалпы лингвистикалық пәндер бағдарламасы (А.С. Аманжолов, 1983); Түрік тілі (А.С.Аманжолов, 1983); Үш бөлімді түрік руникалық графикасы (А.С.Аманжолов, 1980-1985 жж.); Тіл семантикасы және тілдік бірліктер. «Жалпы тіл білімі» курсына әдістемелік нұсқау және терминдер сөздігі (Э.Д. Сүлейменова, 1985); «Тіл біліміне кіріспе» курсы бойынша өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау “Тіл біліміне кіріспе” (Э.Д.Сүлейменова, 1986); “Тіл біліміне кіріспе” курсына арналған филология факультеті студенттерінің өздік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал (Э.Д.Сүлейменова, 1986); “Тіл біліміне кіріспе” курсы бойынша филология факультеті студенттерінің өздік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал (Э.Д. Сүлейменова, Н.Ж.Шаймерденова, А.К.Шаяхметова, Г.Б. Мадиева, 1994); Түркі филологиясына кіріспе (А.С.Аманжолов, 1984); Славян филологиясына кіріспе (Н.Ж.Шаймерденова, 1995); Контрастивтік лингвистикаға кіріспе. Бағдарлама және әдістемелік нұсқау (Э.Д. Сүлейменова, А.К. Шаяхметова, 1993); “Лингвистикалық ілім тарихы” курсы бойынша оқу-әдістемелік құрал (А.К. Шаяхметова, 1994); Көне түркі тілі. Әдістемелік нұсқау және семинар, лабораториялық сабақтардың тақырыбы (Р.А. Авакова, 1994); Түркі филологиясына кіріспе. Өздік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау (Р.А. Авакова, 1994); Тіл біліміне кіріспе. Филология факультетіне арналған бағдарлама және әдістемелік нұсқау (Э.Д. Сүлейменова, 1993); Лингвистикалық деректану. Арнайы курс бағдарламасы және сөздік.

Магистранттарға арналған оқу-әдістемелік құрал (Н.Ж. Шаймерденова, З.Т.Сағитжанова, 1997); “Тіл біліміне кіріспе” пәні бойынша студенттердің өздік жұмысына арналған методикалық оқу құрал (Р.А. Авакова, Г.Б.Мадиева, 1998); Латын тілі. Әдістемелік нұсқау және филология факультетінің сырттай бөліміне арналған бақылау тапсырмалары (А.Х.Азаматова, З.А.Муканова, 1999); Жалпы тіл білімі. Филология факультеті студенттеріне арналған бағдарлама мен әдістемелік нұсқау (Э.Д.Сүлейменова, Р.А.Авакова, 2000) және т.б.

Негізгі курстарды қамтамасыз ететін оқулықтар мен оқу құралдары шығарылды: А.С.Аманжолов "Түркі филологиясы және жазу тарихы" (Алматы: Санат, 1996); Э.Д. Сүлейменова "Қазақ және орыс тілдері: контрастивтік лингвистика негіздері". (Алматы: Рауан, 1992); А.Х.Азаматова, З.А.Мұқанова. Латын тілі. (Алматы, 1998; 2003) және т.б.