Халықаралық жобалар мен зерттеулер

Халықаралық ғылыми гранттар халықаралық ғылыми және ғылыми- әдістемелік байланыстарды, ғылыми зерттеулерді үйлестіруді нығайтуға айтарлықтай дәрежеде ықпалын тигізеді:

1) Интернетке арналған қазақ тілінің модулін жасау бойынша халықаралық жоба. Жоба жетекшісі - проф. У.Фиерман (Индиана университеті, АҚШ). Жобаны орындауға ACTR/ACCELS (Алматыда офисі бар), Чикаго университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (проф. Э.Сүлейменова), Қазақ мемлекеттік заң академиясы (проф. К. Қадашева) қатысты. 1999-2003 жж. ішінде 11 модуль жасалды, оларды http://www.cenasianet/org адресі бойынша табуға болады.

2) "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" жобасы үшін ИНТАС (International Association for the promotion of co-operation with scientists from NIS) гранты.

3) "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" Халықаралық жобасы INTAS-96-0073 (ИНТАС - International Association for the promotion of cooperation with scientists from NIS); үйлестірушілер - Х.Бушотен (Нидерланды) және Л. Йохансон (Германия). Құрастырушылар - Э.Д. Сулейменова, Р.А. Авакова, Г.Б. Мәдиева.

4) Түркия Мәдениет министрлігінің "YENI TYRKIYE" ("Түркілер") жобасы шеңберінде зерттеу аяқталды. Жобаны үйлестіруші Х.Д. Акараджа (Анкара, Түркия). Жоба 2001 ж. бойы орындалды, проф. Э. Сүлейменова мен доцент Р. Авакова орындаған зерттеу нәтижелері тарау түрінде 19 томдық түрік тіліндегі "YENI TYRKIYE" және 6 томдық ағылшын тіліндегі шығармаға енгізілді (Анкара, 2002).

5) Екі аудиокассетасы мен бір видиокассетасы бар бес кітаптан тұратын “Казахский язык. Қазақ тілі” оқу кешенін шығаруға арналған грант (Авторлары - Э. Сүлейменова, К. Қадашева, Д. Ақанова. – Алматы: Жібек жолы, 1996 (жалпы көлемі 65 б.т.).

6) “Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігін” шығаруға арналған грант (Алматы, 1998). Сөздіктің көлемі - 49,5 б.т. (Авторлары - Э.Д.Сүлейменова, Г.Б. Мәдиева, Н.Ж. Шаймерденова, Р.А. Авакова, А.Ш. Аймағамбетова, Е. Саурықов, Г. Нұрсүлейменов, А. Құрышжанова, З. Кузекова, А. Шаяхметова, Ж. Смағұлова, М. Досанов) және т.б.

Кафедра ғылыми және педагогикалық халықаралық байланыстарды қолдауды жалғастырып келеді. Шетелдік ғалымдарды докторлық және кандидаттық диссертацияларға оппонент болуға шақыру қаржылық қиындықтар туындататыны белгілі. Осыған қарамастан ресми оппонент ретінде белгілі социолингвист профессор А.О. Орусбаева (Қырғызстан, Бішкек); проф. А.М. Карапетьянц (М. Ломоносов ат. ИСА МГУ), проф. Т.Тань-Аошуань (М. Ломоносова ат. ИСА МГУ), проф. В.И. Аннушкин и В.А. Мамонтов (А.С. Пушкин ат. Институт, Мәскеу), проф. Е.Ю. Протасова (Хельсинки университеті, Финляндия), проф. А.А. Залевская (Тверь университеті) және т.б.

Кафедра оқытушылары Қытай, АҚШ, Түркия жоғары оқу орындарында жұмыс істеді, Чехия, АҚШ-та оқыды, АҚШ, Қытай, Түркия, Венгрия, Словакия, Словения, Болгария, Нидерланды, Германия, Финляндия, Чехия, Польша, Украина, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. Халықаралық конгрестер мен конференцияларда баяндама жасады.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аспиранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік етуден де көрінеді: проф. А.С. Аманжолов, Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, доц. Р.А. Авакова, Г.Б. Мәдиева және т.б. Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Германия, Испаниядан келген аспиранттардың ғылыми жетекшісі және кеңесшісі болды. Бұл жұмыс формасы басқа да сипат алып отыр. Альберт университетінің (Канада) профессоры «Қазақ тілі: психолингвистикалық және социолингвистикалық зерттеулер» атты лабораторияның штаттан тыс ғылыми кеңесшісі болып табылатын және біздің магистранттар, стажерлар мен докторанттардың сараптамалық зерттеулеріне жетекшілік ететін профессор Г. Томсен билингв сөйлеуін тану және синтездеу бойынша (Б. Мұрзалиева), балалардың тілдік қабілетінің онтогенезі және балалар қостілділігі бойынша (А. Шаяхметова), сөздердің лексикалық варианттарын таңдаудағы парафазиялар бойынша (М.Акберди), қазақ тілінің септік парадгигмасын меңгеруді психолингвистикалық зерттеу бойынша (Б.Уатаева) психолингвистикалық сараптамаларды жүргізуді және т.б. үйлестірді.

Халықаралық ынтымақтастықтың басқа формалары лекция оқу үшін шетелдік ғалымдарды шақырумен де сипатталады: Г. Томсен (Канада), С.Оде (Нидерланды), А. Мустайоки (Финляндия), У. Фиерман (США), В.И.Аннушкин, В.А. Мамонтов (Мәскеу), И.И. Залевская (Тверь), Е.Ю.Протасова (Финляндия) және т.б.; ғылыми-әдістемелік ықпалдастықпен ("Русский язык в диаспоре: проблемы сохранения и преподавания" (Мәскеу); "Русский язык в Кыргызстане" (Бішкек) атты ұжымдық монографиялар шығаруға қатысу және т.б.;) ғылыми жедел ұйымдастыру және басқа ақпарат алмасуға байланысты.