Бакалавриат

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2 мамандық бойынша студенттерді дайындайды - "5В0117000 - Қазақ тілі мен әдебиеті", "5В020500 - Филология".

Бакалавриатта белгілі ғалымдар мен ұстаздар, профессор, доценттер сабақ береді.

Бакалавр - академиялық дәреже. Бұл дәреже мамандық бойынша бағдарлманы бітіргеннен кейін беріледі.

Бакалавриатта студенттер 4 жыл оқиды.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының негізгі бағыты қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы мен әдістемесі мәселелерін реттеумен айналысу. Үздік мамандар мен кафедра ғалымдары әдебиеттің сан қырлы салалары бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде кафедра қызметкерлері көркем әдеби әдістеме төңірегінде еңбек етуде. Олардың зерттеу объектісі ретінде – жанр типологиясы, көркем әдіс және стиль, кешенді, тарихи-функционалды, салыстырмалы сараптама қарастырылады.

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

KAZ1002 Қазақ тілі мен әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.

Модульдің негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін үйрену барысында алған білімін логикалық бірлікте тұжырымдау, көркем әдеби шығармалар арқылы ақпарат алу, әлеуметті-экономикалық, мәдени-тарихи, қоғамдық қатынастарда ғылыми түйіндеу икемділігін жетілдіру, филологиялық білім беру жүйесін енгізу арқылы қазақ тілі мен әдебиетін өзіндік мәнмәтінінде оқыту арқылы қабілетті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, әлеуметтік-саяси мәселелер аясында оның адамгершілгіне көңіл бөлінеді.

 LTRT4008 Әдебиеттің ұлттық өзгешелігі.

LTRT4005 Қазақстан әдебиеттануы.

3кредит.Пререквизит:LTRT1001.

3кредит.Пререквизит:LTRT1001.

Осы модульдің басты мақсаты, негізгі әдеби мектептер мен бағыттар және олардың концепциялары мен теориялары туралы түсінік беру. Бұл курс XIX және XX-XXIғасырдағы ғылыми дәстүрлер мен ғылыми және әдеби мектептер арасындағы сабақтастықты, әдебиетті зерттеуде бұрынғы дәуірде қолданылған амал-тәсілдердің сабақтастығын ашып көрсетеді; қоғамның тарихи дамуының әдебиет туралы ғылымға әсерін анықтайды, ғылыми мектептердің қалыптасуы: мифологиялық, биографиялық, тарихи-функционалдық, мәдени-тарихи, психологиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-тарихи, әдебиеттің әдіснамалық принциптерін анықтау, А. Лосев,С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д.Лихачевтердің әдеби шығармашылықты зерттеудегі ғылыми әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін анықтайды.

KAZL 4009 Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм

3 кредит.Пререквизиттері:KAZL 2005.

3 кредит.Пререквизиттері:KAZL 2005.

Қазіргі қазақ поэзиясының көркем әдеби ізденістері мен даму тенденциялары көптеген зерттеулердің нысаны болды. Әсірессе поэзия жанрының тақырыптық және идеялық тарапынан жаңа ізденістер орын алды. Курс барысында студенттер тәуелсіздік алғаннан кейінгі шығармалардың ерекшеліктерімен танысып, олардың жаңалығына мән береді. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетінде өзіндік орыны бар. Ғасырлар бойы қалыптасып келген сөз өнерінің бірегей туындылары, түрлі бағыттар қазақ әдебиетіне де тән. Студенттер пәнді оқу кезінде қазақ әдебиетіндегі модернизм мен постмодернизмдермен танысады.

KAZL 4018 Қазақ прозасы және сын.

KAZL 4019 Сын және сыншы.

3 кредит.Пререквизиттері:KAZL 3001.

3 кредит.Пререквизиттері:KAZL 3001.

Әдеби үрдіс бар жерде әдеби сын да болады. Әдебиет бағыттарын анықтауда, шебер қаламгерлер шығармашылығының ерекшеліктерін талқылауда әдеби сынның маңызы зор. Студенттер пәнді оқу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары және сын жанрының ерекшеліктерімен танысады. Қайнар көзі халық ауыз әдебиеті болған тарихи сынның қазіргі жағдайы мен осы жанрдағы жазушылардың еңбектері студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі тақырыптары болмақ.

FLK 4021 Фольклор эстетикасы.

LTRT 4006 М. Жумабаевтың поэтикасы.

3 кредит. Пререквизиттер:FLK 1005, LTRT 1001.

3 кредит.Пререквизиттер:FLK 1005, LTRT 1001.

Осы модульдің мақсаты, әдебиет пен фольклордың эстетикалық аспектілері мен мәселелері бойынша студенттер білімін жүйелеу. Курс халық ауыз әдебиеті шығармашылығының эстетикалық мағынасын, ұлттық және әлемдік эстетика байланысын ашады; М.Жумабаев поэтикасының ерекшелігін, көркемдік мағына мен сөз қызметінің әдеби шығарманың негізі екндігін, сөз бен ойдың байланысын, сөз бен сөйлемнің семантикалық ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды; М.Жумабаев поэзиясындағы сөздің образдық мазмұнын, кейбір сөздердің мағыналары мен авторлық пікірлерді айқындайды.

KAZL4006 ХХ ғасырдағы қазақ романы: Ғ.Мүсрепов, И. Есенберлин, А. Нұрпеисов,Ә. Кекілбаев.

KAZL4014 Қазақ драматургиясы: қалыптасу және даму сатысы

3кредит.Пререквизиттері:KAZL2005.

3кредит.Пререквизиттері:KAZL2005.

XXвек – период разностороннего развитияказахской прозы. ХХ ғасыр қазақ прозасының жан-жақты дамуы. Осы кезде қазақ романы әлемдік деңгейге көтерілді. Роман жанры тақырыптық жағынан да, әдеби жағынан да жоғары деңгейде. Студенттер курсты оқу барысында ХХ ғасырдағы роман және драматургия жанрларында өзіндік ерекше стилімен танымал болған әдебиет өкілдерінің шығармаларымен танысып, талдау жасауға мүмкіндік алады.

KAZL3019Қазақ мемуарлық шығармалар.

KAZL4004 Қазақ балалар әдебиеті: қалыптасу және даму сатысы.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2005.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2005.

Қазақ қаламгерлерінің мемуарлық шығармалары тек жазушының шығармашылық лабораториясымен таныстырумен шектелмейді, қоғам бейнесін суреттейді. Осы пәнді оқу барысында студенттер жазушылардың ішкі «мені» мен олардың қазақ қоғамындағы алатын орны туралы түсінік алады. Қазақ балалар әдебиеті өзіндік ерекшеліктермен қатар жаңа тақырыптарға толы. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап балалар әдебиеті қарқын дами бастады. Балалар тақырыбы психологиялық білім мен бала мінезін білуді талап етеді. Осы аталған модуль бойынша студенттер балалар әдебиетінде өзіндік қол таңбасы бар жазушылардың шығармашалық лабораториясымен жақыннан танысады.

LTRT2015Әдебиет теориясы.

LTRT4020Лирикадағы стиль мәселесі.

3кредит.Пререквизиттер:FLK1005,LTRT1001.

3кредит.Пререквизиттер: К1005,LTRT1001.

Осы модульдің мақсаты қазіргі әдебиет ғылымының негізгі теориялық және әдіснамалық мәселелері туралы түсінік беру. Курс барысында түрлі ғылыми мектептер тарапынан қолданылатын әдістер жүйесі мен әдеби шығармаларды зертттеу амлдары, А.Потебняның психологиялық амалының себебі, оның әдеби бейненің ұқсастығы туралы теориясы, «ішкі форма» идеясы анықталады. Әдеби шығармалардағы діни-мифологиялық әдістерінің мақсаты мен ерекшеліктерін, эстетикалық әдістерді (А. Белый, В. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Ж. Деррида, П. Рикер, Р. Барт) айқындайды; лирикадағы стиль, көркем бейне мен әдеби қаһарман мәселелерін зерттеу жолдарын анықтайды.

KAZL4010 Мағжан – Сәкен: шеберлер байланысы.

KAZL4007 Муқағали поэзиясының поэтикасы.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

Мағжан мен Сәкен арасындағы қатынас қазақ әдебиеттануында дау туыдыратын мәселелердің бірі. Модуль бойынша өзекті мәселелердің бірі олардың көзі тірі кезінде де, кейін ақталған кезінде де әлеуметтік және адами аспектілердің тарихи архивтік мәліметтер бойынша айғақтарының талқылануы. Модуль бойынша студенттер ритмикалық құрылым, дыбыстық ерекшеліктер, рифмалар туралы, қазақ ақыны М.Мақатаев өлеңдеріндегі мелодикалық интонация құрылыстары жөнінде жан-жақты ақпарат алады.

KAZL4012А. Қыраубаев және ұлттық мектеп.

KAZL4013 Әдеби шығармаларды ойын арқылы оқыту.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

Бұл модульде студенттер белгілі педагог-ғалым Алма Қыраубаева ұлттық мектептегі бағдарламасының ерекшеліктерін, әдеби шығармаларды ойын ойнату амал-тәсілдерімен оқытудың рөлін және олардың оқу үдерісінде қолданылуын меңгереді.

KAZL4003 XXғасыр басындағы қазақ поэзиясының жаңа ізденістері.

KAZL4008Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: поэтикалық әлем

М.Жумабаев, С.Торайғыроа, Б. Кулеев, И. Жансүгіров.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

Қазақ әдебиетінің Алтын ғасыры болып есептелінетін дәуірде қазақ халқының қиын тағдыры шығармаларда суреттеліп, басқарушылар, билер, батырлар мен ақындар бейнелері әдеби шығармалардың нысаны болды. Әдебит өкілдері кеңес жүйесі жағдайына қарамастан түрлі тәсілдермен мемлекет тарихының шынайы беттерін суреттеді. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ ақындарының негізгі тақырыптарының бірі ұлт тарихы болды. Осы мәселелер модуль пәндерінде арнайы қарастырылады.

KAZL3024Әдебиетті оқытуда көрнекі құралдарының рөлі.

KAZL3025 Әдеби шығармаларды ойлау критериясы технологиясы арқылы оқыту.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

3кредит.Пререквизиттер:KAZL2003.

Жаңа технологиялардың ерекшеліктерін игеру мен оқу үдерісі барысында қолдану болашақ оқытушыға қажет. Оқыту кезінде көрнекі құралдардың рөлі маңызды. Осы модуль бойынша студенттер сабақ кезінде көрнекі құралдарды тиімді пайдалануды және жаңа ойлау технологияларымен жүйелі түрде жұмыс жасауды үйренеді.