Жаңалықтар күнтізбесі

 

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбековамен кездесу 

Осы аптада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері студенттермен достық атмосфераны құру, мазасыздықты азайту, топта өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, студент өздерін, жақсы жақтарын көрсету мәселелері жайында тәрбие сағатын өткізді. Шақырылған қонақ - психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбекова

         Кештің мақсаты - студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен  қарау, стресстен арылу, өз орталарында сыйластық қарым-қатынас орнатуды талқылау.

         Осы орайда студенттер өздерінің білім алып жүрген мамандықтарын жүрек қалауымен таңдады ма, әлде басқалай сыртқы факторлар әсері болды ма, міне осы жайында ойларымен бөлісті. Бұл кездесу студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стресстен арылуға арналған.

         Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

Ұйымдасттырушылар – Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н., Жигитбекова А.Д.

 

 

 

 

Молекулалық биология және генеитика кафедрасының студенттері мен оқытушылары

«ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» челленджіне өз үлесін қосты

2020 жылдың 28-29 ақпанында, «Қайырымды қоғам» республикалық челлендж аясында мұқтаж жандар үшін заттар жинау ұйымдастырылды. Балалар мен ересектерге арналған киімдер, кітаптар, ойыншықтар жиналды. Заттар «Жылу» әлеуметтік қайырымдылық жобасына жіберілді, ал жобаныц жүзеге асырушылар алынған заттарды әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйлеріне және әлеуметтік көмек орталықтарына бағыттады (https://teplocharity.kz/).

Ұйымдастырушылар - кафедра меңгерушісінің орынбасары, куратор-эдвайзер, PhD Ловинская А.В., биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Шалахметова Г.А., «Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері БТ-50р, БТ-51р, БT-52р.

#alfarabiqaiyrymdyqoǵam#AlFarabiQQ 

 

              

 

 

1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу

2020 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері 1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу өткізді.

Кештің мақсаты - ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу.

Қәзіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында куратор- эдвайзерлер сөз қозғап, студенттермен ақпарат алмасты. Студенттердің себепсіз сабақты қалдырмауларын, оқу дисциплинасы мен студенттің ар-намыс кодексіне бағынуларын атап өтті.

Сонымен бірге, университет және факультет деңгейінде ұят тақтасына түсіп қалмаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

               Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н.

                      

 

2019 ж. 23 қыркүйегінде профессор Айташева Зауре Гайнетдиновна «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Айташева Зауре Гайнетдиновна «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Профессор З.Г. Айташеваға сыйлықты ректораттың кеңейтілген мәжілісінде 2019 ж. 23 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры академик Ғ.М.Мұтанов тапсырды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ молекулалық биология және генетика кафедрасында 9-10 сәуір араляғянда жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының салтанатты жабылу шарасы өтті. Ғылыми жиынның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жобаларын дамыту үшін дипломдар және бағалы сертификаттар тапсырылды. Салтанатты шараға жас ғалымдар, сонымен қатар оқытушылар мен студенттер қатысты.

3 секция "экология, генетика және молекулалық биология мәселелері" бойынша 76 тезис тапсырылды. 20 баяндама ауызша қорғалынды.

 

инф.письмо_интернет.конф.doc

News7.pdf, News8.pdf, News9.pdf, News10.pdf, News11.pdf

 

 


 

Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Тірі ағзалардың ғылыми зерттеулерінде қолдануына байланысты этикалық аспектiлерi» тақырыбына дебаттар өткізілді. Дебаттарды ағылшынша екі «Биотехнология» мамандығының топтарымен бірге кафедрасының профессор қ.а. Бияшева З.М. жургізілді.

 

 


 

«Ауылшаруашылық селекциясының негіздері» атты курс мамандығы аясында ТОО «Тургень» жекеменшік агрофирмасының мәдени тұқым егу шаруашылығының негізінде «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттері үшін шығу семинарлары жүргізілді. Студенттер өндіріске енгізілетін дәнді-дақылдардың жаңа сорттары (бидай, арпа, жүгері), майлы (сафлор) және дәнді-бұршақ дақылдар (соя), тұқым дақылдарының өсіру инновационды технологияларымен танысты, тамшылап суару технологиясын қолдану негізінде алмалардың 15 қысқа бойлы сорттары өсірілетін интенсивті баққа кіріп шықты.