Жалпы мәліметтер

Кафедра қызметкерлерімен Ұлыбритания, Ирландия, Венгрия, Франция, Финляндия, Словения, Норвегия, Японияның алдыңғы қатарлы университеттерімен тығыз халықаралық байланыстар орнатылған. Аталған мемлекеттердің профессорлары ҚР ҒБМ бағдарламасы бойынша Рһ.D дайындау кезінде ғылымның заманауи бағыттары бойынша студенттер мен қызметкерлер үшін дәрістер оқиды.

Кафедра келесі институттар мен университеттердің ғалымдарымен тығыз байланыс орнатты:

- Миддлсекс ун-ті Ұлыбритания (Проф. Николас Приест және Хемда Горелик);

- Дублиннің университет- колледжі, Ирландия(Проф. Питер Митчел және Луис Винтро);

- Өмір жайлы Ғылым университеті Норвегия, Аас қ., ( профессор Брит Салбу) ;

- ядролық технологиялар университеті, Венгрия (Проф. Нора-Вайда);

- тағамдық зерттеу институты (Венгрия): радионуклидтердің мөлшерін зерттеу (проф. Шандор Торьян);

- Йозефа Стефан институты (Любляна қ., Словения), проф. Петер Стегнар.

Кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға белсене ат салысады.

- Танашева М.Р. Қышқыл – су – кетондар (амидтер) үшфазалық жүйелердегі бейорганикалық қышқылдардың сұйықфазалық тепе-теңдігі және таралуы // ф/х анализ бойынша халықаралық конференция, Пермь қ., Пермь университеті, 5-6 шілде 2010 ж .

-Уралбеков Б. Шу өзенінің суы мен шөгінділеріндегі табиғи радионуклидтер. «Ломоносов-2010» халықаралық жастар ғылыми форумы - М.: МАКС Пресс, (2010).

- Назаркулова Ш. Камышановка кен орны қоршаған ортасындағы уран қатары радионуклидтері. - IV радиохимия және ядролық технологиялар бойынша Ресей мектебі (2010), Озерск: РИЦ ВРБ ФГУП "ПО Маяк"

- Нұрахметов Н., Далабаева Н. Бастауыш мектептің білім беру мазмұнының ерекшеліктері / III республикалық ғылыми-практикалық конференция «Жаһанданужәне интеграция жағдайында Қазақстан және шет мемлекеттері білім беру жүйесінің модернизациялануының салыстырмалы анализі», Алматы, 22-23 қазан, 2010ж.

2007 жылы профессор М.М.Бүркітбаев НАТО «Ғылым бейбітшілік үшін» бағдарламасы бойынша Семей полигонының радиоэкологиялық жағдайын зерттеу кезінде жеткен жетістіктері және ғалымдар арасында ынтымақтастық үрдісіне қосқан үлесі үшін Халықаралық сыйлықпен марапатталды.

Проф. Бүркітбаев және проф. Н. Приестті НАТО «Ғылым бейбітшілік үшін» ғылыми бағдарламасы бойынша Халықаралық сыйлықпен марапаттау рәсімі