Оқиғалар күнтізбесі


29-30 наурыз күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың спорт комплексінде химия және химиялық технология мен дене шынықтыру және спорт кафедрасының бірлестігімен тоғызқұмалақтан МҰРАГЕР спорт клубының кубогіне арналған Алматы қаласының ЖОО-ы арасында ашық біріншілік отті. Жарысқа жалпы 8 командадан 54 ойыншы қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша 1-ші орынды ҚазҰУ-1, 2-орынды ҚазҰУ-2, 3-орынды Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ алды.

Қыркуйектің 17-і мен 23-і аралығында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасына Жапонияның атомдық энергетика агенттігінің мүшелері, профессор Р. Сакамото және К. Матсура іс сапармен келді. Іс сапар мақсаты екі жақты келісімге қол қою және 2013 жылы жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында өтетін «Environmental Radioactivity» біліктілікті жоғарылату курсы барысын талқылау болып табылды. Сонымен қатар, профессор Р. Сакамото химия факультетінің студенттеріне «Фукусима-1» АЭС-дағы апаттан кейінгі Жапония жеріндегі радиоактивті жағдай туралы дәрістер оқыды.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры София Максимовна Романова «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2011 ж » грантын жеңіп алды. Грант жеңіп алған химия және химиялық технология факультетінің профессорларын Алдабергенов М.К., Музычкина Р.А., Романова С.М., Минажева Г.С., Мун Г.А., Жусупова Г.Е, Торегожина Ж.Р. Астана қаласындағы Көркемөнер университетінде 2012 жылың 22–ақпанында марапатталды. Грант жеңімпаздарына төс белгі мен сертификатты ҚР БжҒМ вице-министр профессор М.К.Орынханов тапсырды.


Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының куратор эдвайзері Балғышева Б.Д. осы кафедраның профессоры Куанышева Галина Сафағазықызының 70 жасқа толған мерей тойына байланысты «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенттермен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуде ұлағатты ұстаз, ұлы ғалым Галина Сафағазықызы «Ғылым мен білімнің шыңына жету үшін аянбай еңбек ету керек» деп өз өсиеті мен болашақ жастарға жақсы тілек, бата берді.


Преподаватели факультета химии и химической технологии профессора Романова С.М., Аубакиров Е.А., Тажибаева С.М. с большим интересом и удовольствием прошли обучение 21 декабря 2011 года в Центре Прикладной лингвистики и международной коммуникации на тему «Публикация научных статей с импакт-фактором: Проблемы показателя удельного цитирования журналов». В завершение работы были выданы сертификаты.


Қазақстандық көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен ғылымының ірі ұйымдас­тыру­шысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес болған Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың өмірі мен қызметін студенттерге таныстыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факультетінің № 13 жатахқанасында 2011 жылдың 2 желтоқсанында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Сулейменова Орынтай Яхметқызы баяндама жасап еске алу кешін ұйымдастырып өткізді. Аналитикалық химия, сирек элементтер және коллоидты химия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Курбатов Андрей Петрович Батырбек Ахметұлы жайында естеліктер айтып, ұлы ұстазды еске алды. 1, 3 курс студенттерінің ұстазға арнап шығарған өлеңдері оқылды. ХОО мамандығы 3 курс студенттерінің күшімен викторина ойын сауығы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар берілді.